• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Биыл Маңғыстауда шомылу маусымы басталғалы бері 6 адам суға кетті

Бүгін, 14 маусымда өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен аппарат жиынында суға шомылу маусымында судағы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша мәселелер, сондай-ақ биылғы жылдың қаңтар-мамыр айларындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жоспары талқыланды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жазғы маусымда орын алатын мәселелердің бірі – тұрғындардың суға шомылу кезінде сақтық шараларын дұрыс сақтамауы. Соның салдарынан жыл басынан бері Маңғыстау облысында 6 адам суға кеткен, оның ішінде бір жасөспірім бар. 

Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға шомылу орындарында құтқару құралдарын орнатуды және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Суға шомылуға қауіпті және тиым салынған аймақтар  Ақтау қаласының 4-шағын аудандағы «Каспиан Ривьера» қонақ үйінен М. Өскінбаев атындағы облыстық филармонияға дейін 5-шағын аудандағы Т.Г. Шевченко ескерткішінің түсуімен ұзындығы 300 метр және ені 20 метр болатын шомылуға тыйым салынған учаскемен белгіленген.  Бұл аймақтарда құтқару шеңбері, Александров соңы және желеті бар құтқару қалқандары орнатылған. Алайда, құтқару құралдары кейбір жауапсыз азаматтардың тарпынан бүлініп жатыр. 

  Биыл облыста 7563 түлек орта білімді аяқтады. Алтын белгіге үміткер 180 түлектің 174-і мемлекеттік емтиханның нәтижесімен өз білімін растады.

  Биыл республикалық білім грантымен қоса Маңғыстау облысының түлектері үшін қосымша 6000 білім гранты, жергілікті бюджет есебінен 175 білім гранты бөлінді. Білім басқармасының басшысы Динара Жұмашеваның айтуынша қазіргі таңда облысымызда 229 педагог жетіспейді. 

  -2022-2023 оқу жылында облыста 1800 орындық 2 мектеп пайдалануға беріледі. Ашылғаннан кейін 2 мектепке 240-тан астам педагог қажет етіледі. Осы мәселелерді шешуде жүргізілген талдауларға сәйкес биыл 1300-ден астам облыс түлектері педагогикалық мамандықты аяқтайды деп күтілуде,-деді Динара Жұмашева.

Нұрлан Ноғаев жауапты тұлғаларға білім гранттарын бөлу барысын бақылауды, сондай-ақ мектептерді күрделі жөндеу кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуді қадағалауды тапсырды.

  • 14.06.2022
  • 322
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика