- Блогтар
- Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
2022 жылдың қорытындысы бойынша үш жаңа облыста экономикалық көрсеткіштердің өсуі күтілуде
Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Шараға Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековта қатысты. Әлібек Қуантыров атап өткендей, әкімшілік-аумақтық қайта құрулар 5 млн-ға жуық азаматтардың өміріне әсер етеді. Оның ішінде Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында 1,5 млн. адам тұрады. «Облыс орталықтарының мәртебесін қайтарумен Семей, Жезқазған және Қонаев қалалары дамуға жаңа серпін алады. Бүгінде бұл қалаларда инфрақұрылымның тозуына, жолдардың сапасына, көлік жүйесінің жай-күйіне байланысты проблемалар бар. Жаңа мәртебе инвестициялар ағынын ұлғайтып, жергілікті проблемаларды неғұрлым тиімді шешуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті министр. Мемлекет басшысының жаңа облыстарды құру жөніндегі бастамасы халық, жұртшылық, аудандық және облыстық деңгейдегі депутаттар арасында қолдау тапты. Үкімет барлық бағыттар бойынша айтарлықтай жұмыс атқарды. Президенттің Жарлығын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 3 маусымында ұйымдастыру іс-шараларының жоспары қабылданды. Жалпы, жол картасы 27 іс-шараны қарастырады және ол шаралар орындалып жатыр. «Жақын арада өңірлерде облыстық басқармалар құрылып, тиісті кадрлық тағайындаулар жүргізілетін болады. Бүгінгі таңда Үкімет тиісті қаулын қабылдап, қосымша бірліктер бөле отырып, қайта құрылған және жаңа құрылған облыстар аумағындағы әкімдіктердің штат санының лимиттерін белгіледі», - деді Ә.Қуантыров. Қазіргі уақытта жаңадан пайда болған облыстарда орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің штат санын белгілеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Жергілікті атқарушы органдар құрылғаннан кейін өңірлер арасында бюджет пен коммуналдық меншікті бөлу жөніндегі жұмыс басталады. Жалпы, жаңа облыс орталықтарында мемлекеттік органдар мен қызметкерлердің жұмыс істеуіне қажетті әкімшілік ғимараттар бар. Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар облыс орталықтарындағы әкімшілік ғимараттарды сатып алу, жөндеу, жалға беру үшін қажетті бюджет қаражатының алдын ала көлемін анықтады. «Алдын ала жалпы қажеттілік шамамен 12 млрд. теңгені құрайды. Бюджет қаражатын бөлу мәселесі ҚР бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен қаралатын болады», - деді ведомство басшысы. Министр жаңа өңірлердің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің күтілетін өсу қарқынына да тоқталды. «Абай облысы бойынша ЖӨӨ көлемі 2 трлн. теңгеге дейін, Жетісу облысында 1,1 трлн. теңгеге дейін, ал Ұлытау облысында 1,3 трлн. теңгеге дейін жетеді деп күтілуде. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2022 жылы Абай облысы бойынша 3,1 млн. теңге, Жетісу облысы - 1,6 млн. теңге деңгейінде болжанып отыр, ал Ұлытау облысы бойынша бұл көрсеткіш 2021 жылғы деңгейде болжанып отыр және 5,5 млн. теңгені құрайды деп жоспарлануда», - деп нақтылады ол. Бұл ретте алдын ала болжамдық есептер бойынша жаңадан құрылған Алматы облысы болашақта республикалық бюджеттің доноры болуы мүмкін. «Жалпы, бұл облыстардың пайда болуы тек осы өңірлердің ғана емес, бүкіл ел экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді», - деп түйіндеді Ә.Қуантыров.
- 16.06.2022
- 337