• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Түркістанда Маңғыстау облысының мәдени күндері өтуде

16-17 маусым күндері Түркістан облысында Маңғыстау облысының мәдени-рухани күндері өтуде, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Киелі өңір – Түркістанда маңғаз өлкенің екі күндік бағдарламасы өнер шеберлерінің «Маңғыстаудан мың сәлем, Түркі төрі!» салтанатты шарасымен басталды.

Шара аясында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев «Түркістан облысына Маңғыстаудан тарту» кіші архитектуралық ескерткішін салтанатты түрде ашты.

Облыс әкімінің орынбасары Түркістанға Маңғыстау облысы әкімінің ыстық сәлемін жолдап, бұл сапар ежелгі адамзат өркениетінің озық жетістігі - Ұлы Жібек жолының сан тарамдары кесіп өткен қос өңірдің сауда-экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени-рухани байланысының жаңа бір деңгейге шығатынын айтты. 

-Күллі түркі дүниесі  руханиятының темір қазық, ақ ордасы - киелі Түркістанға үш жүз алпыс әулиелі-әнбиелі Маңғыстаудан, еліміздің бірден-бір теңіз қақпасы, қарт Каспийден ыстық сәлем алып келдік. Маңғыстау күндерін өткізудің басты мақсат-мұраты - бағзы бабадан бүгінге жеткен осы рухани-мәдени құндылықтарды жас ұрпаққа насихаттау, өскелең өрендердің жадында жаңғырту арқылы ұлтжандылық, отаншылдық сана-сезімді ояту деуге болады. Маңғыстау өлкесі ұлттық өнер түрлерін бәз-баяғы қалпында сақтап, жарастырып тең ұстаған халық таланттарынан кенде емес. Сондықтан екі күн бойы Түркістан халқы үшін аңыз өріп, жұмбақ жайлаған қасиетті мекеннің мәдени жауһарларымен, бірегей өнер туындыларымен етене танысудың және рухани кездесулерге қатысудың сәті түсіп отыр. Мәдени жетістіктер – қоғамның рухани  дамуының бет-бейнесі екендігін ескерсек, өңіраралық мәдени-рухани байланысты бекіте түсуге, сөйтіп бірлігімізді баянды етуге, рухымызды асқақтатуға, біртұтас мызғымас елдігімізді нығайтуға  ерекше мән беруге тиіспіз. Ұлы Түркі қағанатының, Көктүріктердің  қара шаңырағы - Ұлы Даланың, бүкіл түркі әлемінің  алтын бесігі - Түркістан шаһарындағы Маңғыстау күндеріне қош келдіңіздер! Маңғыстаудан мың сәлем, түркі төрі!,-деді  Ұлықбек Тналиев.  

Сондай-ақ Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан мен Маңғыстау жұртшылығын мәдени шараның ашылуымен құттықтады.

- Түркі халқының рухани бойтұмарына айналған - Түркістанға қош келдіңіздер! Түркі халықтарының рухани ордасы, қазақ хандығының астанасы - соңғы төрт жылда дамудың жаңа кезеңіне бет алды. Оң өзгерістердің нәтижесінде қала -  облыс орталығы ғана емес, түркі халықтарының рухани-мәдени орталығы ретінде дамып келе жатыр. Бүгін тарихы терең өлке - Маңғыстаудан бір топ өкіл келді. Бұл - екі өңірдің рухани үндестігінің жаңғырып, жан-жақты байланысының нығаюының айқын көрінісі деп білемін, – деді Өмірзақ Шөкеев.

Шарада Түркі әлеміне танымал дизайнер Тәрбия Айдынбаеваның «Мифтік кейіпкерлерінің» көрсетілімі қойылды. Одан кейін «Серікбол Қондыбай және түркі мифологиясының зерттелуі» атты III Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті. Онда дүниежүзінің 20 астам ғалымдары мен Серікболтанушылар қатысты. 
Бұдан бөлек, Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі және Маңғыстау облыстық мемлекеттік  тарихи-мәдени қорығы көрмесінің таныстырылымы өтті. 

Сонымен қатар Түркістан Конгресс холлында өткен гала концертте Маңғыстаудан жеткен өнер керуені жыр мен әннен шашу шашып, мерекелік шараның берекесін келтірді.

  • 17.06.2022
  • 300
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика