- Блогтар
- Елібаев М.Т.
Елібаев М.Т.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы
ҚДБ Жалғыз акционері Даму банкінің жұмысын реформалау бойынша бірқатар шешімдер қабылдады
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Жалғыз акционері «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқармасы Даму Банкінің қызметін реформалауға қатысты Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында бірқатар шешімдер қабылдады. Уәкілетті орган отырысында Даму Банкінің кредиттік саясаты жөніндегі меморандумға, сондай-ақ Даму Банкінің және оның еншілес ұйымы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның кейбір нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу мәселелері қарастырылды.
Атап айтқанда, Қазақстанның Даму Банкінің қызметін реттейтін негізгі құжаттардың бірі – Кредиттік саясат жөніндегі меморандумға өзгертулерді бекітті. Енгізілген өзгерістерге сәйкес қаржыландыруға өтінім беру кезінде әлеуетті өтініш беруші ҚДБ-ға, соңғы бенефициарларды қоса алғанда, заңды тұлғаның барлық иесі туралы ақпаратты ашу құқығын береді. Бұған дейін ҚДБ-да қаржыландырудың негізгі шарттары және жоба бойынша жалпы мәліметті ашу құқығы болды.
Бұған дейін Банк құзыретінде мұндай келісім болған жоқ және бұл банктік құпия туралы заң аясында әлеуетті және Банкпен шарт жасаған клиенттер туралы мәліметтерді ашуға мүмкіндік бермеді. Бұл норманы енгізу бізге қарыз алушылармен жұмыстың кез келген кезеңінде – өтінім қарауға келіп түскен сәттен бастап мақұлдауға немесе қаржыландырудан бас тартуға дейін ашық болуға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, Банк тарапынан қаржыландыру тыйым салынған салалар тізіміне өзгерістер енгізілді. Бұдан былай мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жобаларды жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ қаржыландыруды тікелей тарту мүмкіндігінің болуына байланысты дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде Қазақстан Республикасына тиесілі заңды тұлғалар үшін қаржыландыру берілмейді. Тек өзге кредиторлардың қатысуымен, яғни халықаралық қаржы институттарын қоса қаржыландыру немесе синдикатталған қаржыландыру кезінде ғана бірыңғай ерекшелік жасалуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл жобалар экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару (ESG) қағидаттарына сәйкес келуі тиіс.
ҚДБ жеке секторды дамытуға баса назар аударатын болады. Біз мемлекеттік компаниялармен жұмыс жасауға нысаналы түрде шектеу қойдық, өйткені олардың біздің қатысуымызсыз тікелей қаржыландыруды тарту мүмкіндігі бар.
Тағы бір маңызды өзгеріс – ендігі кезекте жекеменшік компаниялардың міндеттемелері бойынша қамтамасыз етілетін кепілзат ретінде мемлекеттік мүлік қабылданбайды, ал жобаларды іріктеу кезінде өтініш берушілерге олардың жобалары шеңберінде сатып алулар рәсімдерінің ашықтығын күшейту жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсыну талабы қойылатын болады.
Сондай-ақ, Жалғыз акционер Даму Банкінің еншілес ұйымы – Өнеркәсіпті дамыту қорының Жарғысына өзгерістерді мақұлдады – бұның нәтижесінде Қордың атқаратын қызметі айтарлықтай кеңейтілді. Оның ендігі мақсаты өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарына қаржылық қолдау көрсету және оларды ынталандыру және Қазақстан Республикасы экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесу болып табылады. Осылайша, Қор қазақстандық кәсіпорындарға қаржылық құралдардың бұдан да ауқымды аясын, оның ішінде тікелей кредиттеу ұсынуды бастайтын болады.
- 20.06.2022
- 253