• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Түркістанда Маңғыстау облысының мәдени күндері өз мәресіне жетті

Бүгін, 17 маусымда Түркістанда Маңғыстау облысының мәдени күндері жалғасын тапты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 
  Екінші күн Маңғыстау және Түркістан облысы ақсақалдарының рухани кездесуімен басталды. 

Кездесуде ел ағалары қоғамда орын алып жатқан түйінді мәселелер, ұрпақ тәрбиесі, ұлттық құндылықтардың қадір-қасиеті төңірегінде  ой қозғап, ақыл-кеңестері мен пікірлерін ортаға салды.  

Жиында сөз алған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев алтынның сынығындай, бұлақтың тұнығындай қарияларымыз қай заманда да ұрпағын бейбіт те бақуатты тірлікті баянды етуге шақырып, адамгершілік пен ізгілікке, тәрбиелегенін атап өтті. 

  -Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт
 Кемелұлы Тоқаевтың әділдікке, заң үстемдігі мен тең құқықтылыққа негізделген демокаратиялық ұстанымдары мен жаңғырған «Жаңа Қазақстан» құрудағы озық идеялары халқымыздың бойына жарқын болашаққа деген сенім ұялатып, жігерлендіріп, игі істерге жұмылдырып отыр.  Осынау аса маңызды, жауапкершілігі зор істе аузы дуалы, сөзі пәтуалы, дана қарттарымыздың атқарар ролі жоғары екені сөзсіз. Сондықтан ұлттық ұямыздың қайнар бұлағындай саналатын қастерлі тұлғалары – ақсақалдарға ұлан-ұрпақ, немере-шөберелер сеніммен қарайды. Сіздер айтқан даналықты ойлар мен парасатты сөздер, тағылымды әңгімелер жас өскіндерге жұғысты болады. Жаңа бағдарға бет бұрған қабырғалы Қазақ Қоғамының кемел келешекке, өзара татулыққа, ынтымақ пен ауызбіршілікке бастайтын шамшырағындай болып айқын жол көрсетіп жарқырап көш бастап жүре беріңіздер,-деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев. 

Сонымен қатар шарада Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасынан әкелінген өлкенің тарихы, мәдениеті кеңінен баяндалған ақын - жазушылардың 250-ге жуық кітабы таныстырылды. 

 Маңғыстау облысының өнім өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті. Өңірден келген 15 кәсіпкер балық, тері өнімдерін, Маңғыстаудың тасынан, ағаштан, темірден жасалған бұйымдарды, ұлттық нақыштағы сәнді киімдерді, құрақ көрпелер және суретшілердің қолынан шыққан өнер туындыларын жұртшылыққа ұсынды.

Сонымен қатар, «Астана» спорт кешенінде жастар арасында Маңғыстау және Түркістан облысы командаларының шағын футболдан жолдастық кездесуі, Маңғыстау және Түркістан облысы аналар кеңесінің бірікккен шарасы ұйымдастырылды.  Кеңес аясында қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері, соның ішінде Маңғыстау өңіріне тән Амал мерекесіне орай өтетін “Көрісу” дәстүрі дәріптелді.

Бұдан бөлек, Түркістанда Маңғыстау облысының күндері аясында ішкі туризмді дамыту және өңірдің туристік әлеуетін арттыру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында Маңғыстау және Түркістан облыстарында ішкі туризмді дамытуға, сондай-ақ туризм саласында кадрлар даярлауға қатысты идеялар мен ұсыныстар айтылды. Кездесу соңында екі өңірдің туроператорлары арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Түркістандағы Маңғыстау облысының күндері аясында Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының әртістері «Әлиханның аманаты» пьесасын қойды. 

Шығарманың авторы ҚР Мәдениет қайраткері Нартай Сауданбекұлы, қоюшы режиссёрі ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлсина Мерғалиева. 

Бір жарым сағатқа созылған қойылым ұлт көсемі Әлихан бастаған Алаш зиялыларының асқақ рухына және Алаш Орданың 100 жылдығына арналған. Әлихан Бөкейханнан бөлек Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәкен Сейфуллин секілді қазақ зиялыларының да образдары сомдалған.

  Маңғыстаудың мәдени күндері «Karavansaray Turkistan» туристік кешенінде елімізге белгілі әнші, Маңғыстаудың тумасы Тамара Асар және маңғыстаулық эстрада жұлдыздарының «Әнім саған, бағзы Тұран!» концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.

  • 20.06.2022
  • 265
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика