- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
2022 жылдың 4 айында Маңғыстау облысы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы сыртқы сауда айналымы 19,4 млн АҚШ долларын құрады.
Бүгін, 20 маусымда аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Иран Ислам Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Хабиболла Малакути Фарды қабылдады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Екіжақты кездесуде инвестициялық мүмкіндіктер мен өңіраралық кәсіпкерлікті дамыту перспективалары, сондай-ақ Маңғыстау облысы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы экономикалық байланысты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.
Иран Ислам Республикасы Маңғыстау облысының сыртқы сауда байланыстарында маңызды рөл атқарады.
2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында Маңғыстау облысының Иран Ислам Республикасымен сыртқы сауда айналымы 19,4 млн АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 1,8 млн АҚШ долларын, импорт – 17,6 млн АҚШ долларын құрады.
Кездесу соңында тараптар экономиканың түрлі салаларында нақты жобаларды жүзеге асыру үшін ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.
- 20.06.2022
- 252