• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Бес айда Қазақстан экономикасының өсімі 4,6% құрады

Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2022 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндады. ҰЭМ басшысы өз сөзінде Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,6%-ды құрағаны туралы хабарлады. Осы есепті кезеңде негізгі трендтер бойынша қызмет көрсету секторындағы өсудің жеделдеуі, экспорт көлемінің жоғары өсуі байқалуда. «Нақты сектордағы өсім 4,8%-ды құрады. Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 3,9%-ға дейін ұлғайды», - деп нақтылады Ә.Қуантыров. Оның айтуынша, салалар арасында сауда, құрылыс, көлік және қоймалау, өңдеу өнеркәсібі, ақпарат және байланыс, тау-кен өедіру өнеркәсібі, сумен жабдықтау және ауыл шаруашылығы оң өсім көрсетуде. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 2,5%-ды құрады. Атап айтқанда, инвестициялар білім беруде – 71,1%-ға, мемлекеттік басқару; әлеуметтік қамсыздандыруда – 55,1%-ға, ғылыми және техникалық қызметте – 35,9%-ға, денсаулық сақтауда – 27,8%-ға, жылжымайтын мүлікпен операцияларда – 20,4%-ға, саудада – 13,9%-ға, құрылыс саласында– 10,7%-ға өсті. «Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент және Алматы қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысында байқалуда», - деп атап өтті ведомство басшысы. Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша, ағымдағы жылдың қаңтар-сәуірінде сыртқы сауда тауар айналымы 40,8%-ға өсіп, $39,7 млрд құрады, экспорт бойынша көрсеткіш $26 млрд-тан асып, 60%-ға өсті. Тауарлар импорты $13,2 млрд. құрады. Жалпы алғанда, оң сауда балансы $13,2 млрд дейін өсті. Өңдеу өнеркәсібі жоғары өсу қарқынын сақтап отыр. Өндіріс көлемі 5,3%-ға өсті. «16 өңір оң өсім көрсетті. Ең жоғарғы өсу Алматы қаласында, сондай-ақ Қостанай, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалуда», - деп атап өтті Ә.Қуантыров. Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісі 9,9%-ға, оның ішінде автомобиль жасау – 22,8%-ға, компьютерлер, электронды және оптика құралдар жаасау – 17,3%-ға, құрылыс материалдары – 5,2%-ға, сусындар – 18,3%-ға, пластмасса бұйымдары – 11,4%-ға, дайын металл бұйымдары – 10,2%-ға, фармацевтика өнімдері – 4,7%-ға, киім өндірісі – 9,9%-ға жоғарылады. «Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 4,3%-ға артты. Салалар бөлінісінде өсім тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсетуде – 18,9%-ды, газ өндіруде – 6,3%-ды, шикі мұнай өндіруде – 4,7%-ды, көмір өндіруде – 2,2%-ды, металл кендерін өндіруде – 1,9%-ды құрады», - деп хабарлады ведомство басшысы. ▪️Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айының қорытындысы бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру 3,4%-ға өсіп, 4,7 млн. шаршы метрді құрады. Оң динамика 13 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы көрсеткіштер Шымкент қаласында, сондай-ақ Түркістан, Алматы және Қызылорда облыстарында байқалуда. Ауыл шаруашылығында есепті кезеңде жалпы өнім шығару 1,3%-ға ұлғайды. «Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсім 6 өңірде – Ақмола, Алматы, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында байқалады», - деп түйіндеді министр.

  • 21.06.2022
  • 299
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика