• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Әлихан Смайылов БҰҰ Бас хатшысының орынбасарымен кездесті

Бейсенбі, 16 маусымда, Алматы қаласында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰДБ Әкімшісінің көмекшісі Уша Рао-Монаримен кездесті. Нью-Йорктегі БҰҰДБ Атқарушы агенттігінің кеңесшісі Дерек Пайпер, БҰҰДБ Еуропа және ТМД бойынша өңірлік бюросы директорының орынбасары Марина Уолтер мен БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш қатысқан кездесу барысында БҰҰДБ-ның Қазақстандағы қызметі аясында ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Әлихан Смайылов өз сөзінде Қазақстан 1992 жылғы 2 наурызда, тәуелсіздік алғаннан кейін көп ұзамай БҰҰ-ға мүше боп кіргенін еске салды. «Содан бері біз БҰҰ-ның қолдауын ұдайы сезініп келеміз, ал оның жаһандық саясаты мен бағдарламаларына қатысу – Қазақстанның сыртқы саясаттағы басымдықтарының бірі», — деді ҚР Премьер-Министрі. Үкімет басшысының айтуынша, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы қызметі айтарлықтай дәрежеде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Осылайша, агенттіктің қатысуымен және қолдауымен Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында табиғатты қорғау жобалары іске асырылды, сондай-ақ жалпы ауданы 2 млн гектардан астам алты ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрылды. Премьер-Министр Қазақстан  БҰҰДБ-ның 2021-2025 жылдарға арналған жаңа Елдік бағдарламасын қолдайтынын атап өтті. «Бағдарлама “Жаңа Қазақстан” тұжырымдамасы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айқындап берген елдегі жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалар тұрғысында өзекті болып табылады», — деді Әлихан Смайылов. Өз кезегінде Уша Рао-Монари БҰҰ-ның Қазақстанның тұрақты дамуына қолдау көрсетуге дайын екенін растады. «ТДМ-ға қол жеткізу даму жолын түбегейлі өзгертуді талап етеді. 2030 жылға дейін бар-жоғы сегіз жыл ішінде дамуды қалпына келтіріп, алға жылжу үшін көп күш-жігер салуымыз керек, — деді Уша Рао-Монари. Бұл үшін адамдарға инвестициялар салу, әлеуметтік қорғауды жетілдіру, сапалы білім беруді қамтамасыз ету, лайықты жұмыс орындарын құру, жаңартылатын энергия көздеріне көшу және барлығы үшін цифрландыруды қамтамасыз ету қажет. Мұндай батыл әрекеттер ТДМ қаржыландыру жүйесін қайта қарастыруға алып келеді». Кездесу қорытындысы бойынша ҚР ҰЭМ мен БҰҰДБ арасында Тұрақты даму мақсаттары саласындағы 2030 жылға дейінгі күн тәртібін және БҰҰДБ-ның 2021-2025 жылдарға арналған Елдік бағдарламасын іске асыру аясындағы ниеттер туралы хаттамаға қол қойылды, ол Қазақстан мен БҰҰДБ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге ықпал ететін болады. Еске сала кетейік, 16 маусымда «COVID-тен тыс жерде – Орталық Азияны әділдік негізінде қалпына келтіру жолында» тақырыбында Тұрақты даму мақсаттары бойынша екінші өңірлік саммит жұмысын бастады. Саммитті ҚР Үкіметі Еуропалық одақ және Азия даму банкінің (АДБ) қаржылық қолдауымен Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) әріптестікте ұйымдастырды. Дереккөз: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы

  • 21.06.2022
  • 309
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика