• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қосымбаев Т.Е.
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ТМРК: Еліміздің бірқатар өңірлерінде 2022 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша жалпы сомасы шамамен 4,3 млрд. теңгеге төмендетілген тарифтер бекітілді

Табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес табиғи монополиялар субъектісі (ТМС) жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептер беруге міндетті.

Сонымен қатар, Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы субъектінің есебін талдауды уәкілетті органның ведомствосы, яғни Тарифтік ведомство ол келіп түскен күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде жүргізеді.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті ТМС-тің тарифті алу кезінде өзіне алған белгілі бір міндеттемелерін орындамауы, мысалы, жаңғырту және дамыту бойынша тарифтік реттеуші тарапынан өтемдік тарифті енгізуге, яғни игерілмеген қаражатты тұтынушыларға толық қайтарғанға дейін тарифті уақытша төмендетуге әкеп соғатынын атап өтеді.

Осылайша, ТМРК және оның аумақтық бөлімшелері бүгінгі күні 2020-2021 жылдарға арналған бекітілген тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны есептері орындау тұрғысынан қаралған монополист-субъектілердің есептерін қарады және талдады.

Бүгінгі күні есептерді қарау нәтижелері бойынша 30 ТМС бойынша міндеттемелердің орындалмағаны анықталды, оның ішінде «Астана-Энергия» АҚ, «Астана-Теплотранзит» АҚ (Нұр-Сұлтан қ.), «Талдықорғантеплосервис» КМК (Алматы облысы) сияқты ірі монополист субъектілер және басқалары бар.

Нәтижесінде, еліміздің 7 өңірінде (Нұр-Сұлтан қ., Алматы облысы, ШҚО, Жамбыл облысы, Қостанай облысы, Маңғыстау облысы, Павлодар облысы) жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау және кірме жолдарды ұсыну сияқты қызметтер бойынша жалпы сомасы шамамен 4,3 млрд.теңгеге уақытша өтемдік тарифтер бекітілді.

Орташа алғанда қызметтер бөлінісінде тарифтердің төмендеуі:

- жылумен жабдықтау - 17%;

- сумен жабдықтау - 7,4;%;

- су бұру - 3%;

- электрмен жабдықтау - 18,6% құрады.

Сонымен қатар, ТМРК және оның аумақтық бөлімшелері монополист-субъектілердің есептерін талдау бөлігінде жұмысты жалғастырып жатқанын атап өткіміз келеді, оның нәтижелері қосымша хабарланатын болады

  • 22.06.2022
  • 358
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

Қосымбаев Т.Е.
(Мұрағат)

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика