• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Биыл ауылшаруашылығы саласына бөлінген шағын несиеге 200-ге жуық жоба іске аспақ

Бүгін, 21 маусымда облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен аппарат жиынында ауылшаруашылығы және ветеринария саласындағы мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 «Amanat» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасының ауыл шаруашылығы саласына қатысты аграрлық сектордың әлеуетін іске асыру бойынша 6 іс-шараны іске асыру қарастырылған. Ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Қазыбек Тәшімовтың айтуынша қазіргі таңда оның төртеуі толық орындалып, екеуі орындалу сатысында.

2022 жылға Республикалық бюджеттен ауыл шаруашылығы саласына шағын несие беру мақсатында қаржы бөлініп, жоспарға сәйкес несие беру жұмыстары тамыз-қыркүйек айларынан басталады деп жоспарлануда. Нәтижесінде 200-ге жуық жоба жүзеге асады.  Сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге де қолдаулар көрсетілуде. 

-Ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу есебінен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді өнім өткізу бөлігінде қолдау мақсатында, 2021-2025 жылдарға - әр жылға 3 өнімді өткізуге арналған келісім-шарт жоспары қойылған. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер өнім өткізу бойынша сауда орындарымен келісімге келіп, тауырларын сатылымға шығаруға мүмкіндік алып отыр. Мәселен, «ПолимерПласт» ЖШС қазіргі таңда айына 15 000 тонна сүт өнімін шығарады. Кәсіпорын тауарды Ақтау қаласымен Мұнайлы аудандарындағы «Анвар», «Дина», «Дана», «Жанарыс» супермаркеттеріне және «Фламинго» балалар демалыс орнына өтізуде. Сондай-ақ, ЖК «Абдуллаева» ағымдағы жылы мамыр айынан бастап 1 гектардан жылыжай өнімін алып бастады. Қазіргі таңда, «Асар-С» сауда орнына айына 10 тонна қияр, 5 тонна қызанақты өткізуде,-деді Қазыбек Тәшімов. 

Жайылымдық жерлердегі су мәселесін шешу бойынша бітелген құдықтардың көзін ашу, тазалау жұмыстары жолға қойылған. Қазіргі таңда қала, аудан әкімдіктерінің мәліметіне сәйкес, облыс бойынша 445 иесіз құдық анықталған. Оның 341-і Маңғыстау ауданына, 61-і Бейнеу ауданына, 32-сі Қарақия ауданына, 5-еуі Түпқараған ауданына, 6-ы Мұнайлы ауданына тиесілі.

Қазбек Тәшімов ветеринария саласында да атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. 

Жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларына,  оның  ішінде,  ұсақ мүйізді малдың брадзоты, анаэробты энтеротоксемиясы, сібір жарасы, құтыру, қой және түйе күлі, пастереллез, туберкулез, етқоректілердің эхинококкозы ауруларына қарсы 2022 жылы барлығы 275 488 бас мал егілген. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті жұқпалы ауруларына барлығы 49 127 қан сынамалары диагностикалық тексеруден өтіп, жануарлардың аса қауіпті аурулары анықталмаған.  

Өз кезегінде облыс әкімі мал шаруашылығына пайдаланатын құдықтарды тазарту және жем-шөппен қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыру қажеттігіне назар аударды. 

Аппараттық кеңесті қорытындылай келе, өңір басшысы жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

  • 22.06.2022
  • 337
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика