• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан Париж келісімінің мақсатына жету үшін бар күшін салады

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Алматыда өткен «COVID-тен тыс жерде – Орталық Азияны әділдік негізінде қалпына келтіру жолында» тақырыбындағы Тұрақты даму мақсаттары бойынша екінші өңірлік саммитте сөз сөйледі. ҰЭМ басшысы халықаралық саммитке қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде пандемияға байланысты терең құлдыраудан кейін әлемдік экономиканы қалпына келтіру жалғасып жатқанын атап өтті. Бұл процесс белгісіздік жағдайында, әсіресе соңғы геосаяси оқиғалар аясында жүруде. «Өндірістік және көліктік-логистикалық тізбектердегі үзілістердің сақталуы инфляцияға әсер еттіп, бүкіл әлемдегі экономикалық өсу перспективаларына түсініксіздік енгізеді. Осыған орай, экономиканы әділдік негізінде қалпына келтіруді қамтамасыз ету өте маңызды», - деп атап өтті ол. Бұл жағдайда климаттық күн тәртібін жоққа шығаруға болмайды. Бүгінде Қазақстан декарбонизация бағытында маңызды қадамдар жасауда. «Париж келісімін ратификациялауда және экономиканы декарбонизациялау бойынша міндеттемелерді қабылдауда ҚР-дың маңызды рөлін атап өткім келеді. Жалпы, жүргізіліп жатқан саясат «әлеуметтік әділеттілік» қағидатына негізделуі тиіс», - деді Ә.Қуантыров. Министр аталған міндеттемелерді орындау үшін 2013 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан парниктік газдар шығарындыларына квоталар саудасының Ұлттық жүйесі жаңғыртылғанын еске салды. Экология саласындағы мемлекеттік реттеу, мониторинг және бақылау стандарттарын айқындайтын, «жасыл инвестициялар» тартуды ынталандыратын экологиялық кодекс қабылданды. «Әлемнің 221 елінің арасында ЖІӨ көміртегі сыйымдылығы бойынша төртінші орынды иелене отырып, біз 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу үшін өршіл мақсат қойдық. Қазіргі уақытта ҚР ҰЭМ 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын әзірлеуде», - деп хабарлады ведомство басшысы. Министр атап өткендей, мемлекет экономиканың корпоративтік және квазимемлекеттік секторларында ESG-стандарттарын белсенді енгізуді ынталандыруда. Бұдан басқа, ағымдағы жылы Үкімет 2022-2025 жылдарға арналған көміртегі квоталарының Ұлттық жоспарының жобасын әзірледі, ол тегін квоталарды жыл сайын 1,5%-ға, ал 2026 жылдан бастап кемінде 5%-ға қысқартуды көздейді. Бұл шаралар 2030 жылға қарай Париж келісімі міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Қазақстан климаттың өзгеруіне қарсы күреске бейілділігін білдіріп, Париж келісімінің мақсатына жету үшін бар күшін салады. Бүгінде елімізде өндірістік және технологиялық процестерді трансформациялау үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Осы шарттарды барынша пайдалану тұрақты даму мақсаттарына жан-жақты қол жеткізуге мүмкіндік береді», - деді Ұлттық экономика министрі. Ә.Қуантыров өзінің қорытынды сөзінде саммитке қатысқан спикерлерге алғысын білдірді. Оның айтуынша ОА елдері келесі салаларға негізгі күш-жігерін жұмылдыруы тиіс: климаттың өзгеруімен күресу, тұрақты жеткізілім тізбегін құру, су ресурстарын ұтымды пайдалану. «Жоғарыда аталған міндеттерді инвестиция саласындағы ынтымақтастықсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Осыған байланысты, халықаралық қаржы ұйымдарымен әріптестікті қайта жандандыру керек. Ынтымақтастықтың жаңа форматы жобаларды «көгалдандыруға», сондай-ақ ТДМ қағидаттарын ұстануға және сақтауға ықпал етеді», - деп түйіндеді министр. 16-17 маусымда Алматыда өткен Тұрақты даму мақсаттары бойынша екінші өңірлік саммит өз жұмысын аяқтады.

  • 23.06.2022
  • 332
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика