• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Маңғыстауда Қазақстан полициясының 30 жылдығы тойланды

Бүгін, 23 маусымда облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Мерекелік шараға ішкі істер органдарының ардагерлері, полиция департаментінің жеке құрамы, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері мен басшылары қатысты. 

Алдымен, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полицейлердің құрметіне монументке гүл шоқтары қойылды. 

Мерекелік шарада полиция қызметкерлері қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды. 

Өз кезегінде аймақ басшысы полиция қызметкерлерін мерекемен құттықтады.

- Құрметті полиция қызметкерлері,
сала ардагерлері! Сіздерді полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Полиция - бұл жауапты мамандық, сіздер халқымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығы жолында күні-түні аянбай қызмет етіп келесіздер. Биыл Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ішкі істер органдарының әрбір қызметкері әділ, ашық әрі адал болуы тиіс" деп атап өтті. Қоғамда заң мен құқықтық тәртіпті сақтауда -  сіздерге жауапты міндет жүктеліп отыр. Халықтың сенімі мен жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, еліміздің игілігі үшін аянбай еңбек ететіндеріңізге сенімдімін.  Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, халыққа қызмет етудегі адал еңбектеріңізге табыс тілеймін!,- деді Нұрлан Ноғаев. 

Бүгінгі таңда өңірде 2000-нан астам тәртіп сақшысы тұрғындардың қауіпсіздігі мен қоғамның тыныштығы үшін қызмет етуде. Оның 250-і нәзік жандылар. 

Маңғыстау облысы полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Аян Дүйсембаев адал қызметімен көзге түскен полиция қызметкерлеріне алғыс хат табыстады. 

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Марат Ахметжановтың бұйырығымен басшы құрамның 7 қызметкеріне мерзімінен бұрын және кезекті арнаулы шендері табыс етілді. Сонымен қатар бірқатар полиция қызметкері “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медальдарымен, төсбелгілермен, құрмет грамоталарымен және алхыс хаттармен мараппаталды. 

- Құрметті ішкі істер органдарының ардагерлері және полиция қызметкерлері сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтаймын! 
Қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, тәуелсіздік пен тыныштықты қорғау жолында қызметте әрқашан антқа адал болыңыздар және “ел қорғаны” атағына лайықты қызмет етіңіздер! Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!,- деді Аян Дүйсембаев

Іс-шара аясында Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай қызметтік міндеттерін адал атқарған, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлер облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Салтанатты шара одан әрі концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

  • 24.06.2022
  • 339
Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика