• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Үкімет 2026 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасын бекітті

Бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен және Дүниежүзілік банкпен бірлесіп әзірлеген ҚР 2026 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасының жобасын таныстырды. Құжатта көзделген басты нысаналы индикаторлар - негізгі капиталға инвестициялар деңгейін ЖІӨ-ге 25,1%-ға дейін жеткізу және тікелей шетелдік инвестициялар ағынын 2026 жылы $25,5 млрд-қа дейін арттыру. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Тұжырымдама жобасы инвестициялар тарту саясатын қайта қарау жөніндегі шаралар кешенін көздейді. «Өңдеу өнеркәсіп бәсекеге қабілеттілікті арттырудың түйінді драйвері болмақ. Әсіресе еңбек өнімділігінің өсуіне, экспорттың көлемін ұлғайтуға, жаңа өндірістерді игеруге және өндірісті кезең-кезеңімен оқшаулауға аса назар аударылады», - деді Т.Жақсылықов. Бұл ретте мемлекеттік қолдау жеке капиталдың жетіспеушілігі бар және ESG стандарттарының сақталуын көздейтін жоғары технологиялық және капиталды көп қажет ететін жобаларды іске асыру үшін көрсетілетін болады. Екінші маңызды драйвер – қызмет көрсету секторы. Мемлекеттің қатысуы әлеуметтік жобаларда басым болады. Шикізат секторы инвестициялар ағынының маңызды бағыты, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін ресурстық база болып қала береді. Ұлттық экономика бірінші вице-министрінің айтуынша, Тұжырымдама жобасы негізгі үш бағыт бойынша құрылымдалған жүйелі сипаттағы 45 нақты іс-шарадан тұратын іс-қимыл жоспарын қамтиды. Бірінші бағыт ашық және болжамды инвестициялық саясатты қалыптастыруға бағытталатын инвестициялық экожүйені одан әрі дамытуды көздейді. «Осы бағыт шеңберінде құқықтық режимді жетілдіру, сот төрелігіне сенім мен ақпаратқа қол жеткізуді жақсарту, ведомствоаралық үйлестіруді нығайту, сондай-ақ жобалар мен өндірушілерді ілгерілетудің цифрлық құралдарын жасау арқылы инвесторлар үшін институционалдық орта мен инфрақұрылым жетілдірілетін болады», - деп түсіндірді ол. Екінші бағыт шеңберінде нарықтарға қолжетімділікті жақсарту үшін жеке сектордың инвестициялық белсенділігінің өсуіне жәрдемдесуге аса назар аударылады. Экономиканың инвестициялық әлеуетін ашу бойынша үшінші бағытты іске асыру үшін банкроттық рәсімдерін оңайлату, капиталдар ел экономикасына қайтарылған жағдайда оларға рақымшылық жасау және қазақстандық компанияларды шетелдік юрисдикциялар мен офшорлық аймақтардан АХҚО юрисдикциясына ауыстыру ұсынылады. «Жалпы тұжырымдама жаңа инвестициялық циклды қалыптастыруға және жаңа трендтерді ескере отырып, инвестициялар тарту саясатын қайта қарауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, ESG, жаһандық энергетикалық және технологиялық көшу талаптарын күшейту жағдайларында елдің тартымдылығын арттыруға бағытталған жүйелі шаралар іске асырылатын болады», - деп түйіндеді Т.Жақсылықов. 

  • 29.06.2022
  • 328
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика