- Блогтар
- Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Жамбыл облысында Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілімен кездесу өтті
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов пен Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов ДБ-ның ҚР-дағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартомен кездесті. Тараптар түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. Жан-Франсуа Марто өңірлік деңгейде, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласында өзара тиімді серіктестікті одан әрі тереңдетуге мүдделілік білдірді. А.Әбдікәрімов ҚР үшін 2020-2025 жылдарға арналған Негіздемелік әріптестік стратегиясының негізгі бағыттарын іске асыруыдың, сондай-ақ оның мақсаттарын іске асыру жөніндегі бірлескен шаралардың маңыздылығын атап өтті. Бұдан бөлек жол инфрақұрылымын, ирригациялық жүйені және әлеуметтік саланы дамыту жобалары да талқыланды.
- 30.06.2022
- 262