• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шойкин Ғ.Н.
Қазақстан халқы Ассамблеясы журналистер клубының көшпелі отырысы өтті

2022 жылғы 1 шілдеде Көкшетау қаласының достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының көшпелі отырысы өтті.

Жиынға ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Н. Шойкин, «Қоғамдық келісім» РММ директоры                                  Ғ.М. Құсманғали, «AbaiTV» телеарнасының директоры, Қазахстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының төрағасы А. Кеңесұлы, «Qazcontent» басқарма төрағасының орынбасары Д. Уалиханов, «Астана» радиосының директоры        С. Танашева, фрилансер, блогер, креатор У. Абишев, «Қоғамдық келісім» РММ баспасөз қызметінің қызметкерлері, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларының Қазақстан халқы Ассамблеясының журналистер клубының мүшелері қатысты.

ҚХА Журналистер клубының мақсаты – консультативтік-сарапшылық платформада тұрақты түрде қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту және бұл бағытта қалам тартатын БАҚ өкілдері, блогерлер мен сарапшылардың күш-жігерін біріктіру болып табылады.

Шараға қатысқан журналистер ҚХА қызметін жариялау мәселелері бойынша тәжірибе алмасу, этносаралық қатынастардағы ақпараттық ресурстар мен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу мақсатында бас қосты.

Өзінің алғы сөзінде Ғ. Шойкин ҚХА журналистер клубының этносаралық, қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті сақтаудағы БАҚ-тың күш-жігерін біріктіруге көмектесетін алаң ретіндегі рөліне тоқталды. Ғ. Шойкин отырысқа қатысушыларды этносаралық саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары, жеткен жетістіктер мен проблемалық мәселелер, этносаралық қатынастарды ақпараттық жариялаудың ерекшеліктері туралы хабардар етті. Сондай-ақ, спикер журналистердің сұрақтарына жауап беріп, мемлекеттік органдардың этносаралық коммуникацияны дамыту жөніндегі қызметінің өзекті аспектілері мен тетіктері, Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің жаңа бағыттары туралы пікірімен бөлісті.

Пікірталас және пікір алмасу форматында өткен отырыс барысында БАҚ пен әлеуметтік желілерде этносаралық қатынастар мәселелерін дұрыс ұсыну және жариялау, бірлік пен келісімді танымал ету мақсатындағы ақпараттық жобалар туралы, әлеуметтік желілерде ақпараттық контентті ілгерілетудің тиімді құралдары туралы мәселелер талқыланды.

Отырыс соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

  • 04.07.2022
  • 282
Шойкин Ғ.Н.
(Мұрағат)

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика