• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
"Қазақстан Ғарыш сапары" АҚ мәліметтеріне сәйкес, 2022 жылы Маңғыстауда 89 санкцияланбаған қатты тұрмыстық қалдықтар үйіндісі анықталды

Бүгін, 5 шілдеде облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен аппарат жиыны өтіп, онда облыстың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді әлеуметтік-экономикалық даму жоспары және  «Аmanat» партиясы облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасының облыстық жол картасындағы шараларды іске асыру барысы талқыланды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
 
Жиын барысында балық шаруашылығы, сондай-ақ табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшылары атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
 
Облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Арман Молдашевтің айтуынша, басқарма өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында 8 іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Соның бірі - "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағында бекіре балық зауытының құрылысын салу.
 
"Beluga Queen" ЖШС арнайы экономикалық аймақта бекіре балығын өндіру бойынша ауқымды кешен салуды жаспарлауда. Бүгінгі таңда "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы осы жоба бойынша 65 га жер учаскесін беруге дайын.
 
2021-2025 жылдарға арналған кешенді әлеуметтік-экономикалық жоспарда экология саласында 9 іс-шара қарастырылған. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Дүйсен Құсбековтың айтуынша, «Қошқар-Ата» қалдық қоймасын қалпына келтіру» I кезең» жобасы аясында 266,2 гектарға рекультивациялау жұмыстары жүргізіліп, 30 арнайы техника жұмылдырылып, 819 343 м3  топырақ төселген. 

 Бұл жоспарланған жұмыстарды аяқтау арқылы 105 млн. тоннадан астам уытты, оның ішінде 52 млн. тоннадай әлсіз радиоактивтік қалдықтарды толық көмуге мүмкіндік болады.

-2021 жылдың екінші жартыжылдығында ғарыштық мониторинг шеңберінде 103 үйінді анықталып, оның жыл соңына дейін 67-і жойылды.Қалған тазаланбаған 36 нүктенің 34-і Жаңаөзен қаласына тиесілі, яғни бір жыл ішінде 38 орынның тек қана 4-н ғана тазаланды. Оның себебі қоқыс орнындарының басым бөлігі Кеңес Одағы кезінде пайда болған тарихи қалдықтар болып табылады. Қазіргі уақытта осы 34 орындағы қоқыстарды тазалау жұмыстары жүргізілуде.
2022 жылы 89 үйінді анықталып, экология департаменті инспекторымен орындарды қарау, нақтылау жұмыстары жүргізілуде,-деді Дүйсен Құсбеков. 

Өз кезегінде аймақ ба шысы облыстың қалалары мен аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытында шығаруды қамтамасыз ету, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды күшейту қажеттігін баса айтты. 
 
Жиын соңында өңір басшысы жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

  • 05.07.2022
  • 364
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика