• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстаудағы “Қаражанбас” кен орнында тәулігіне 17 мың текше метр су тұшыту зауыты сынақ режимінде іске қосылды

6 шілде күні  аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев “Қаражанбас” кен орнына жұмыс сапарымен барып, ілеспе қабат суын тұшыту зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

“Қаражанбас” АҚ өкілдері өңір басшысына зауыттың сынақ режимде іске қосылғаннан кейінгі сәтті жұмыс істеп жатқан технологиялық процестері туралы ақпарат берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстауда ауыз су тапшылығын жою бойынша берген тарсырмасының аясында өңірде 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен қуаты 286 мың текше метр болатын 9 жобаны жүзеге асыру жоспарланған болатын. Бүгінде соның алғашқысы “Қаражанбас” кен орнында тәулігіне 17 мың текше метр су тұшыту зауыты тесттік  режимінде сәтті іске асырылып жатыр.

-Осы уақытқа дейін Кәсіпорын пайдаланып келген «Астрахан-Маңғыстау» су құбырынан босаған 10 мың текше метр ауыз су Жаңаөзен қаласына тәулігіне 7,5 мың текше метр, Бейнеу ауданына 1,5 мың текше метр, 1 мың текше метр Жетібай ауылына, қалған 500 текше метр су Маңғыстау ауданының елді мекендеріне беріледі,- деді Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы Бердібек Қартбаев.

"Қаражанбасмұнай" АҚ өкілдері мұнаймен бірге шығатын ілеспе қабат суын қайта өңдеу қоршаған орта үшін де пайдалы екенін атап өтті. 

Нысанның ауданы 36000 м2, өндірістік қуаты күніне 17000 м3. Қазіргі уақытта бұл - Қазақстандағы мұнай кен орнындағы ең ірі жоба. Тазартылған су Қаражанбас кен орнының қазандықтарында бу айдау үшін пайдаланылады, бұл кен орнының Еділ суын тұтынуға тәуелділігін азайтуға және Еділ суының көлемін Маңғыстау облысы халқының қажеттіліктеріне пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұнай кен орнындағы қабатты суды тазарту қоршаған ортаның экологиясына оң әсер етеді. Сондықтан аталған жобаны пайдаланудың экономикалық, сондай ақ әлеуметтік пайдасы зор.

Бүгінде Стратегиялық маңызды өндіріс  штаттық режимге сәтті өтіп технологиялық стандарттарға сай жұмыс істеп тұр. Кәсіпорын толық іске қосылғанда 50-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады.

Өңір басшысы зауыттың маңыздылығын атап өтіп, кәсіпорынның өндірістік әлеуетін жоғары бағалады.

-Бұл су тұшыту заутының тек компания үшін ғана емес, тұтас өңір үшін маңызы жоғары. Мұнда алдыңғы қатарлы технологиялар қолданылған және біліктілігі жоғары мамандар жұмыс істейді. Технологияның күрделілігін ескере отырып, зауыт белгіленген мерзімде іске қосылғаны қуантады", - деп атап өтті облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Зауытта өндірілген таза су кен орында техникалық бағытта қолданылады.

  • 07.07.2022
  • 391
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика