• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бейсембаев Ғ.Б.
Бейсембаев Ғ.Б.

ҚР Оқу-ағарту министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Асхат Аймағамбетов мектепке дейінгі кезеңде баланы ерте дайындау мен дамытудың маңыздылығы туралы

Бүгін баланың болашақтағы жетістігін қалыптастырудағы мектепке дейінгі білім беру мен баланың ерте даму кезеңі туралы сөз қозғағым келеді.

Ерте дамудың маңызды екенін елеусіз қалдыруға болмайды. Баланың миы тез дамып, негізгі дағдылар мен мінез-құлық қасиеттері қалыптасады, сонымен қатар ол баланың денсаулығына негіз болады.

Мектепке дейінгі мекемеге бару баланың бойында өзін-өзі реттеу, жаңа ортаға бейімделу және топта жұмыс істеу сияқты бірқатар пайдалы машығын дамытуға көмектеседі.

Осы машықтың барлығы баланың мектепте үлкен жетістікке жетуіне ықпал ететіні дәлелденген (Ерте оқыту әдебиетіне шолу https://dx.doi.org/10.1787/f9b2e53f-en).

Халықаралық зерттеулердің нәтижелері балабақшаға барған және ерте жастан жазу мен санауды үйренген балалар мектепте үлгерімі бойынша өз қатарластарынан басым болатынын көрсетеді. Мысалы, PISA-2018 деректері бойынша үш жылдан астам балабақшаға барған оқушылар мектепке дейінгі ұйымдарға бармағандарға қарағанда жоғары нәтиже көрсетеді: оқу сауаттылығы бойынша 20 ұпайға және математика мен жаратылыстану сауаттылығы бойынша 16 ұпайға.

Сонымен қатар TIMSS зерттеуінің нәтижелері де балабақшаға барған оқушылардың жақсы нәтиже көрсеткенін дәлелдеді. Мысалы, балабақшаға бармаған 4-сынып оқушылары мен оған үш жылдан астам барғандар арасындағы айырмашылық математикадан 16 балл, ал жаратылыстану пәні бойынша балабақшаға барғандарда 23 балл болды. Ал ата-аналары мектепке дейін жазуды, оқуды және санауды үйреткен 4-сынып оқушылары ата-аналары анда-санда ғана оқуына көңіл бөлген балаларға қарағанда математикадан 15 ұпайға және жаратылыстану пәнінен 25 ұпайға жоғары алған.

Ерте дамыту мен мектепке дейінгі білім берумен қамту еліміздің экономикалық көрсеткіштеріне әсері жағынан да маңызды. Нобель сыйлығының лауреаты Д. Хекманның әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалардың мектепке дейінгі біліміне жұмсалған бір доллардың экономикалық қайтарымы туралы тұжырымдары кең таралған. Ол мемлекетке 8 (6) доллар пайда әкеледі.

Зерттеулерге сәйкес, болашақта баланың көрсеткіштеріне әсер ететін маңызды критерий - ол мектепке дейінгі ұйымның сапасы.

Яғни мектепке дейінгі кезеңдегі баланың жағдайы мен білім берудің кейінгі кезеңдерінде дамуы үшін оның ерте жастан дамуына назар аудару маңызды екенін көріп отырмыз.

https://t.me/aimagambetov/167 

  • 11.07.2022
  • 333
Бейсембаев Ғ.Б.

ҚР Оқу-ағарту министрi

Бейсембаев Ғ.Б.
(Мұрағат)

ҚР Оқу-ағарту министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика