- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
Жауын-шашын бойынша алғашқы «рекордтар»
Өткен демалыс күндері «Қазгидромет» РМК Қазақстанның барлық дерлік аумағында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын болады деп болжады. Орталығы Екатеринбургтің үстінде орналасқан циклон ылғалдың үлкен қорымен мол жауын-шашын әкелді. Метеорологиялық станциялардың бақылау нәтижелері бойынша елордаға демалыс күндері 32.3 мм жауын-шашын түсті, айлық норма 28 мм. Алғашқы қарлы «рекордтар» маусымдық болжамды да растады. Қазан айында «Қазгидромет» РМК мамандары қазақстандықтарға қарашадағы ауа райы - қыстың дайындығы: қатты жауын-шашын, температураның төмендеуі және желдің екпіні екенін ескертті.
- 18.11.2020
- 264