• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрлан Ноғаев: Кәсіпкерлікті дамыту-облыстың экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі

Бүгін, 7 шілдеде "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев бизнес субъектілерімен, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуде бизнестің өңірлік және салалық мәселелері мен жедел шешуді талап ететін міндеттер талқыланды.

Маңғыстау облысының құқық қорғау органдары мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының бизнесті қорғау саласындағы жұмысы туралы облыстың құқық қорғау және мемлекеттік органдарының басшылары баяндады.

Өңір басшысы облыс экономикасын тұрақтандыруда жергілікті шағын және орта бизнесті дамытудың маңыздылығына тоқталып, кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

- Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасының оң динамикасын қалыптастыру мақсатында шағын және орта бизнесті дамытуға жан-жақты қолдау көрсету жөнінде нақты тапсырмалар берді. Елімізде кәсіпкерлікті дамыту - экономикалық саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Өңіріміздің ерекше мүмкіндіктеріне орай, сыртқы сауда қатынастарының да экономикамыздың дамуына үлесі зор. Осы бағытта да көрсетілетін қызметтерді, соның ішінде шекаралық қызметтерге байланысты жұмыстарды жетілдіру, кәсіпкерлерге қойылатын талаптарды жеңілдету және заңнамалық өзгерістерді тұрақты түрде түсіндіру бойынша жұмыстарға аса мән беру қажет. Әр мемлекеттік органдардың, өңірлік кәсіпкерлер палатасының өз құзіреті шегінде жұмыстарды тиісті деңгейде үйлестіруінің нәтижесінде өлкемізде шағын және орта бизнестің даму қарқыны байқалады. Кәсіпкерлер Палатасы, құқық қорғау органдары, аумақтық департаменттер және жергілікті атқарушы органдар Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді орындау және бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында тығыз ынтымақтастық орнататынына сенімдімін, - деді Нұрлан Ноғаев кездесуде. 

Ресми статисткалық мәліметтерге сәйкес  Облыста өткен жылмен салыстырғанда, жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 18%-ға өсіп, 62 мың бірлікті құрады. 

Бұл саланың өңір экономикасындағы үлесі – 31,6% құрап шығын және орта бизнес субъектілерімен 1,6 трлн.теңгенің өнімі шығарылды. 

Сонымен қатар осы салада жұмыспен қамтылушылар 126 мың адамға жетіп, 4%-ға артып отыр.

  • 11.07.2022
  • 389
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика