• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жаңаөзен қаласында алғаш рет KWF кекушинкай каратэ-до спорт түрінен Азия чемпионаты өтеді

11 шілде күні Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев жақында  тағайындалған ҚР KWF кекушинкай каратэ-до федерациясының президенті маңғыстаулық Мақсат Мұқашты қабылдады. Сонымен қатар, KWF кекушинкай каратэ-додан әлем кубогының күміс жүлдесін иеленген Шынтай Райымбек және жаттықтырушысы Берекет Нұрбаевты облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

ҚР KWF кекушинкай каратэ-до федерациясының президенті Мақсат Мұқаштың айтуынша, осы жылдың қыркүйек айының 24-26 күндері Жаңаөзен қаласында алғаш рет кекушинкай каратэ-додан Азия чемпионаты өтеді. Шараға Азия құрлығындағы 12 мемлекет қатысады.  

-Бұл – еліміз үшін де, облыс үшін де ауқымды шара болмақ.  Чемпионатқа Жапония, Корея, Қытай, Ирак, Иран, Сирия, Непал т.б мемлекеттерден спортшылар қатысады. Бұл ауқымды жоба – еліміздегі спорт саласының дамуына жаңа серпін береді деген ойдамыз,-деді Мақсат Мұқаш. 

Жуырда маңғыстаулық Шынтай Райымбек Испанияның Валенсия қаласында өткен «VI World Cup IFK Valencia» Әлем Кубогында  16-17 жас аралығында 65 келіге дейінгі салмақта қатысып, Әлем кубогының күміс жүлдегері  атанған болатын. Облыс әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев жеңімпазды құттықтап, алдағы жоспарларына сәттілік тіледі.

Айта кетсек, елімізде  KWF кекушинкай каратэ-до федерациясы 2007 жылы  құрылған. Бүгінгі таңда федерацияда Республика бойынша 120-дан астам жаттықтырушы бар және 10 мыңға жуық оқушы тәлім алуда. Осы күнге дейін 300-ден астам оқушы «ҚР спорт шебері», ал 15 оқушы «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағын алып үлгерген. Соның ішінде Маңғыстау облысының спортшылары көш басында тұр.

  • 12.07.2022
  • 280
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика