- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Маңғыстауда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті
13 шілдеде облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Мерекелік шара барысында өңір басшысы Комитеттің барлық қызметкерлерін Ұлттық қауіпсіздік органдарының 30 жылдығымен құттықтады.
- Сіздердің алдарыңызда тұрған басты міндет-елдің ұлттық қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз ету, түрлі террористік, экстремистік және өзге де заңсыз ұйымдар мен топтардан қорғау. Қазіргі уақытта Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзіне жүктелген тәуелсіз Қазақстанның бейбітшілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету саласындағы міндеттерді абыройлы орындауда. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, сіздер еліміздің бейбітшілігі мен келісімін сақтау үшін тынымсыз еңбек етесіз. Мереке қарсаңында сіздерге зор денсаулық және отбасыларыңызға амандық тілеймін, - деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.
Іс-шара барысында бірқатар қызметкерлер мерекелік медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
- 14.07.2022
- 298