• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтауда өткен ММА бойынша халықаралық турнирге 15 мыңнан астам көрермен келді

Ақтауда "Naiza 41" және "EAGLE FC 48" промоушендерінің аралас жекпе-жектен бірлескен халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ашық аспан астында өткен турнирге 15 мыңнан астам көрермен жиналды. Турнирге Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, UFC чемпионы Хабиб Нұрмағамедов, Қазақстан Республикасының ММА, панкратион және грэпплинг аралас жекпе-жек федерациясының президенті, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сағындық Мекеев, Naiza Лигасының президенті Нұрбек Қарабала, EAGLE FC Лигасының президенті Шамиль Завуров, UFC жауынгері Шавхат Рахмонов қатысты.

Нұрлан Ноғаев құттықтау сөзінде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіліп жатқан халықаралық турнирдің маңыздылығын атап өтті. 

- Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдар жастар мен жасөспірімдер арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту, спортпен айналысатын азаматтар санын арттыру бойынша тұрақты жүйелі жұмыс жүргізуде. Біздің еліміздің намысын қорғайтын және көптеген жас буынға үлгі болатын барлық ұйымдастырушыларға, қатысушылар мен жауынгерлерге алғысымды білдіргім келеді.  Бұл турнирді Ақтауда өткізу Хабиб Нұрмағамедовтың әкесі, марқұм Абдулманап Нұрмағамедовтың идеясы еді, өкінішке орай ол қазір біздің арамызда жоқ, бірақ ізбасарлары оның ісін жалғастыруда, - деп атап өтті әкім Нұрлан Ноғаев. 

Турнирге әлемнің жеті елінен 32 спортшы қатысып, 16 жекпе-жек өткізді.

"Naiza" және "EAGLE FC" бірлескен турнирінің басты жекпе-жегінде ресейлік Гамзат Хирамагомедов пен қазақстандық спортшы Дәурен Ермеков  "EAGLE FC" белдігі үшін кездесу өткізді. Екінші раундта техникалық нокаутпен қазақстандық спортшы жеңіске жетті. 

-Маңғыстаудың барлық тұрғындарына сәлем жолдаймын. Турнирді тамашалауға келген мыңдаған адамның арасында болғаныма өте қуаныштымын. Дәл қазір сіздердің араларыңызда турнирден кейін осы спорт түріне қызығушылықпен келетін және өз күш-жігерінің арқасында алдағы 10 жылдан кейін аты аңызға айналатын жастар шығады деп есептеймін. Мұндай жарыстарды жиі өткізіп, жастарымызды спортқа баулу керек. Қазақстан - менің туған жерім, мұнда үлкен Дағыстан диаспорасы бар. Маңғыстаулықтардың қонақжайлығы үшін алғысымды білдіремін!,- деді өз сөзінде әлем чемпионы Хабиб Нұрмағамедов. 

Сондай-ақ Маңғыстауда тұңғыш рет өтіп жатқан халықаралық турнир аясында 11-15 шілде аралығында Naiza Sport Week апталығы ұйымдастырылды. Осы аралықта қазақтың белді чемпиондары, спортшылары мен жаттықтырушылары жас буынға түрлі шеберлік сыныптары, ашық жаттығулар мен мотивациялық кездесулер өткізді. 

Олардың қатарында UFC жауынгері Шавкат Рахмонов, DAR Team командасының коучтары - Азиз Разыев пен Эдуард Базров, Naiza лигасының чемпиондары - Əліби Ыдырыс, Николай Самусев, Ильдар Құдайбергенов, панкратионнан əлем чемпионы Мұратбек Қасымбай, Ғалымжан Жасұланов бар. 

Naiza лигасының апталығын өткізудің негізгі мақсаты - жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. Сондай-ақ Маңғыстау өңірінің туристік әлеуетін жақсарту.

  • 17.07.2022
  • 325
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика