• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда Орталық Азиядағы дін саласының өзекті мәселелері талқыланды

18 шілдеде Ақтауда «Орталық Азиядағы мемлекет және дін қатынастары: қазіргі жай күйі мен перспективалары» атты халықаралық форум өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Форум жұмысына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түркіменстан, Әзірбайжанның халықаралық сарапшылары, Қазақстанның батыс өңірінде орналасқан облыстардың дін істері басқармаларының басшылары, дінтанушы ғалымдар, сарапшылар, құқық қорғау, арнайы және мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам
белсенділері қатысты. 

Халықаралық форум аясында Орталық Азиядағы діни саласына қатысты мәселелер талқыланды, сонымен қатар жастар арасында діни экстремизм мен деструктивті ағымдардың алдын алу мәселелері көтерілді.

Жиында сөз алған аймақ басшысы жастардың өмірі мен психикасына теріс әсер беретін діни ағымдардың қауіпіне тоқталып, жастардың өзге ағымдардың жетегінде кетіп, жапа шегіп қалмасы үшін діни сауаттылықты арттыру керек екенін атап өтті.

-Жастарымыздың дінге бет бұрғанына қуанып, шүкіршілік еттік. Алайда, теріс пиғылдағы діни ағымдар жастардың ниетін өз мақсаттарына пайдаланып, адастырып, өзін-өзі өлімге қиюға дейін жеткізуде. Жастар ғаламтор арқылы түрлі діни сайттарға кіріп сол арқылы дін үйренуде. Ғаламтордағы мәліметтердің шамадан тыс көп әрі қолжетімді болуы діни экстремистік идеялардың кеңінен таралуына да жағдай туғызуда.
Сонымен қатар, шет мемлекеттерге діни білім алуға кеткен жастарымыздың арасында да дәстүрімізге сай келмейтін, сол ілім алған мемлекеттердің ғұрпы мен дәстүріне негізделген діндерді үйреніп келіп, елімізге насихаттауда. Сондықтан осындай қауіптерді сейілту мақсатында қазіргі таңда діни сауаттылықты арттыру мақсатында қарқынды жұмыстар жүргізілуде, мемлекет тарапынан арнайы комиссиялар құрылып, халық арасында ақпараттық-насихаттық топтар түсіндіру жұмыстарды жүргізуде.
Ата-аналар да балаларының кіммен араласып, қандай діни жолды ұстанатынына көңіл бөлсе деймін.
Әрине, бұл мәселемен күресу мемлекеттік органдардың ғана жұмысы деп түсіну қате. Мұнымен халық болып күресу керек. Халқымыздың қауіпсіздігі мен тұтастығын сақтау баршамыздың міндетіміз,- деді Нұрлан Ноғаев. 

Форум аясында бірқатар қатысушылар «Қазақстандағы діни қатынастар»,«Ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімнің сақталуында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рөлі», «Мемлекет және дін қатынастарындағы ғұламалардың орны мен маңызы", т.б. тақырыптарда баяндама жасады. 

Форум жұмысы секциялық отырыстармен жалғасты.

  • 18.07.2022
  • 252
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика