• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Инвестициялар аймақтың дамуына жаңа серпін береді

 Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Түркия Республикасының әлеуетті инвесторларымен бейнебайланыс форматында жемісті кездесу өткізді. Шараға сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Түркиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Еркебұлан Сәпиев қатысты.

Кездесуде  түрік бизнесінің өкілдері өз жобаларын таныстырды. Күш біріктіре отырып, «Armada Foods» және «CLK» компаниялары – «Calik Holding» еншілес компаниясы біздің өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін, атап айтқанда бидай, бұршақ және майлы дақылдарды қайта өңдеу бойынша зауыт салғысы келеді. Жаңа өндіріске болжамды салымдар сомасы – шамамен 30 миллион доллар,  жаңа өндірістің жоспарланған қуаты – күніне 500 тонна шикізатты қайта өңдеу (бұршақ дәнді және майлы дақылдардың барлық түрлері). Зауыт Көкшетау қаласында орналасады және шамамен 40 мың шаршы метрді алады деп болжануда, оның 16 мыңы жабық үй-жайлар мен қоймаларды құрайды.

Кездесуде «Armada Foods» компаниясының иесі Фетхи Сонмездің айтуынша, компания 1993 жылы құрылған және бүгінде ауыл шаруашылығы дақылдарының ең ірі өңдеушісі болып табылады. «Armada Foods» өнімі әлемнің 83 еліне экспортқа кетеді, ал, компанияның жылдық айналымы өткен жылы 160 миллион долларды құрады, «CLK» Бас директоры Яхия Абдуллахоғлу «Calik Holding» бүгінде әлемнің 30-дан астам елінде құрылыс, энергетика, логистика, қаржы секторында және басқа да салаларда жұмыс істейтінін атап өтті. Ол сондай-ақ компания өкілдері жақында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияның жоғары басшылығымен кездесуіне қатысқанын атап өтті, бұл холдинг үшін Қазақстандағы жобалардың ерекше маңызы бар екенін көрсетеді.

Бизнесмендер атап өткендей, олар Қазақстанда бұрын болған, өңірлермен таныса келіп, Ақмола облысы еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің орталығы деген қорытынды жасаған.

– Сіз дұрыс айтасыз, біздің облысты аграрлық астана деп атауға болады, – деп атап өтті облыс әкімі. – Біздің өңірде – 15 миллион гектар жер бар болса, оның 10 миллион гектары – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, 5 миллион гектардан астамы егіс алқаптарын алып жатыр. Өткен жылы, әдеттігіден төмен – 5,5 миллион тонна бидай жинадық, бірақ оның 90 пайызы сапалы болды. Сондықтан, қайта өңдеу зауыты үшін шикізатпен қамтамасыз етілетініне сенімдімін.

Ермек Маржықпаев мұндай жобалар экономиканың маңызды саласы ретінде өңірде терең өңдеуді дамыту үшін аса маңызды екенін атап өтті. Жобаны іске асыру үшін теміржолдары бар, қолайлы жер телімі таңдап алынды, ол жерден басқа өңірлермен және көрші елдермен байланыс орнатуға болады, сондай-ақ, облыс басшылығы барлық қажетті инфрақұрылымды –  суды, электр энергиясын және тағы басқа жеткізуді өз мойнына алады, ол біздің еліміздің заңнамасы инвесторлар үшін бірқатар салық жеңілдіктерін ұсынатынын және өз тарапынан осы салада жан-жақты қолдау көрсетуді ұсынғанын атап өтті. Ол сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сәпиевке біздің өңірге көңіл бөлгені және кездесуге қатысқаны үшін алғысын білдірді.

– Біздің облыс пен Түркия Республикасы арасындағы тауар алмасу әзірше онша ауқымды емес, сондықтан біз сындарлы диалог орнатуға тырысамыз. Сіздерді Қазақстанға тағы да келіп, жобаның барлық егжей-тегжейін сол жерде талқылауға шақырамын. Ол міндетті түрде жүзеге асырылады деп үміттенемін, – деп атап өтті Ермек Маржықпаев әңгіме соңында.

  • 19.07.2022
  • 255
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика