• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәрсекеев Ф.Қ.
Сәрсекеев Ф.Қ.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Мемлекет кепілдік беру құралы арқылы бизнестің дамуына ықпал етеді

«Даму» Қоры кепілдік беру шарттарын жақсартты. Бұл қаржы құралы елдегі кәсіпкерлік ынтаның артуына ықпал етеді. Қордың ШОБ үшін кепілдік ұсынуының арқасында кепілзаты аздық ететін кәсіпкерлер қиналмай екінші деңгейлі банктен несие ала алады. Кепілдік мөлшері ісін бастағанына үш жылдан аспаған кәсіпкер үшін қарыз сомасының 85%-на дейін, ал жұмыс істеп тұрғанына үш жылдан асқан бизнес үшін 50%-ға дейін құрайды.

Кепілдік «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы мен «Даму-Оптима» атты Қордың меншікті бағдарламасы аясында беріледі. Осы қаржы құралын пайдалану ыңғайлы бола түсу үшін ресімдеу ісі айтарлықтай жеңілдетілді. Мысалы, микрокредит беререрде банк Қордың жобаны қосымша қарауынсыз-ақ кепілдік беру туралы өз бетінше шешім қабылдай алады.

«Бүгінгі таңда Қор жаңа бизнес ашуға немесе жұмыс істеп тұрғанын дамытуға деп 35 460-тан астам кепілдік берді. Осы қолдау аясында кәсіпкерлер 1 045 млрд теңге несие ала алды. Ал берілген кепілдіктер мөлшері 452 млрд теңгені құрады», - деп хабарлайды «Даму» Қорының Басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева.

Кепілдік өңдеу өнеркәсібі, білім беру және медицина қызметтері, көлік және қоймалау қызметтері (63 ЭҚЖЖ) сияқты экономиканың басымдық берілген секторларында жұмыс істейтін, республикалық маңызы бар қалаларда/облыс орталықтарында 1 млрд теңгеге дейін несиені қажет ететін жобаларға беріледі. Моно -, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде жобаларын іске асыратын кәсіпкерлер салалық шектеусіз максимал несие сомасы 360 млн теңгеге дейін мемлекеттік қолдау ала алады.

«Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» аясында шағын және микро бизнесті 20 млн теңгеге дейінгі несиелер бойынша, оның ішінде айналым қаражатын толықтыруға 5 млн теңгеге дейін қолдау көрсету көзделген. Мемлекеттік қолдау шаралары кәсіпкерлердің бизнесін дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған. Мысалы, қор әр өтінімді жеке қарастырмайды, қаржы институты мақұлдаса болды. Қажет құжаттар тізімі қысқарды. Қордың кепілдігімен несие алуға түскен өтінімді қарау мерзімі де азайды. Мұндай жобалар үшін кепілдік бір жұмыс күні ішінде несие сомасының 85%-ына дейінгі мөлшерде портфельдік әдіспен беріледі. Микросегмент кәсіпкерлерінде МҚҰ-дан несие алу кезінде Қордың кепілдігін пайдалану мүмкіндігі бар.

Орта бизнес өкілдері үшін ұзақ мерзімді қарызға қол жеткізу маңызды. Олар үшін кепілдік беру құралы аясында KASE және АХҚО алаңдарында жеке және институционалдық инвесторлардың қаражаты есебінен қаржы тартудың баламалы арнасы қолжетімді. «Даму» Қорының 50%-ға дейінгі кепілдігін қолдана отырып, 5 млрд теңгеге дейінгі мөлшерде сенімді облигациялар бойынша кепілдік алуға болады. Айта кету керек, «Даму» Қорының кепілдіктерімен Қазақстанның барлық өңірлеріндегі барлық екінші деңгейлі банктер жұмыс істейді.

Қор тарапынан кепілдік берілген несиенің мақсатты жұмсалуына мониторинг міндетті түрде жүргізіледі. Мониторингтің мақсаты –кәсіпкердің өзіне тиісті міндеттемелерін орындауын қадағалау. Атап айтқанда, жұмыс орны санының міндетті түрде көбеюі, табыстың артуы немесе екі жылдан кейін төленетін салықтар көлемінің 10%-ға артуын растау керек. Себебі шағын және орта бизнесті дамыту – экономиканы әртараптандыру, жұмыспен қамту, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ халық үшін тауарлар мен қызметтер өндірудің басты факторы.

Кәсіпкерлер өздерінің бизнес-идеяларын жүзеге асыра алмайтын жағдайлар да болып жатады. Мұндай жағдайда «Даму» Қоры кепіл бола отырып, банк немесе МҚҰ алдындағы өзінің барлық міндеттемелерін толық көлемде орындайды.

«Бәйтерек» ҰБХ еншілес ұйымы «Даму» Қорынан кепілдік алуға өтінімді online.damu.kz.online, egov.kz порталдары арқылы арқылы беруге болады.

  • 21.07.2022
  • 362
Сәрсекеев Ф.Қ.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы

Сәрсекеев Ф.Қ.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика