• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан атом энергетикасын дамыту және АЭС пайдалану бойынша Францияның тәжірибесімен танысты

2022 жылғы 18 шілдеден бастап қазақстандық делегация АЭС салу мен  пайдалану және атом энергетикасын дамыту жөніндегі Республиканың тәжірибесімен танысу үшін Францияда жүр. Делегация құрамында ҚР Энергетика министрлігінің, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, Ұлттық ядролық орталық, «KEGOC» АҚ және «Қазатомөнеркәсіп» АҚ өкілдері, Атом және энергетика саласындағы сарапшылар бар.

 

Сапар шеңберінде Францияның Қаржы министрлігінде, Энергетика министрлігінде кездесулер өтті, сондай - ақ АЭС-тың Француз операторы Eléctricité de France компаниясымен келіссөздер жүргізілді.

 

Еуропа және Францияның Сыртқы істер министрлігі жанындағы сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтарының істері жөніндегі министр-делегат Оливье Бешт мырзамен жеке кездесу өтті.

 

Келіссөздер шеңберінде мемлекеттік қаражатты тарту және мемлекеттік кепілдіктер беру сияқты атом жобаларын қаржыландыру модельдері, сондай-ақ жобаларға жеке инвестицияларды тарту тәжірибесі зерделенді.

 

Сондай-ақ, делегация «Фламанвилл» АЭС-те болды. Станция Шербур қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 23 км жердегі Ла-Манш бұғазының жағасында орналасқан.

АЭС құрамына Framatome әзірлемесінің (PWR) P4 қысыммен су реакторлары орнатылған екі энергоблок кіреді. Бір блоктың электр қуаты - 1300 МВт. «Фламанвилл» АЭС Франциядағы барлық тұтынылатын электр энергиясының шамамен 4%-ын өндіреді.

 

Францияның Энергетика министрлігімен кездесуде ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов атап өткендей, Қазақстан көміртекті бейтараптыққа бағыт алды, терең декарбонизациялау бойынша шараларды қарастыратын 2035 жылға дейінгі төмен көміртекті даму стратегиясын бекіту бойынша жұмыс жүргізілуде. АЭС салу болашақта электр энергиясының жетіспеушілігі мәселесін шешіп қана қоймай, ЖЭК-пен қатар елдегі төмен көміртекті генерацияны дамытуға өз үлесін қосады.

 

Өз кезегінде, Франция Энергетика министрлігі Энергетика және климат бас басқармасының (DGEC) басшысы Лоран Мишель былай деді: «Франция Қазақстанның энергетиканы «жасылдандыру» деген ұмтылысын қолдайды және осы саладағы ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықты мақсат етеді».

 

АЭС дамытудағы Францияның тәжірибесін әлемдегі ең кең тәжірибелердің бірі деп атауға болады, өйткені бүгінде Франция ядролық реакторлар саны бойынша әлемде (АҚШ-тан кейін) 2-ші орын алады. Бұл ретте елдегі электр энергиясының 69%-ы дәл АЭС-те өндіріледі. Сонымен қатар Франция әлемдегі ең ірі электр энергиясын таза экспорттаушы болып табылады және одан жылына 3 миллиард еуродан астам қаражат алады.

 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан ел аумағында алғашқы АЭС салу үшін жетекші әлемдік компаниялардың ұсыныстарын зерделеуде. Қазіргі уақытта пайдалану тәжірибесі бар үлкен қуатты реакторлық технологиялары бар төрт жеткізушіден тұратын шорт парағы жасалды. Олардың қатарында кореялық KHNP, қытайлық CNNC, ресейлік «Росатом» және француздық EDF бар.

  • 21.07.2022
  • 330
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

Саткалиев А.М.
(Мұрағат)

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика