- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
2022 ж. 21-26 шiлде аралығындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейiнiң болжамы*
Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,33м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 27,65м-ден 28,80м-ге дейін болады деп күтілуде.
Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,66м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,37м-ден 29,00м-ге дейін болады деп күтілуде.
* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.
2022 ж. 14-20 шiлде аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,45м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,12м-ге, ең төменгі мәні – минус 28,80 м-ге сәйкес келді.
Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 28,63 м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,32 м-ге, ең төменгі мәні минус 28,96м-ге сәйкес келді.
- 22.07.2022
- 252