• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстаулық оқушылар Қазақстан ұлттық құрамасы сапында халықаралық олимпиадаларда ел намысын қорғады

22 шілдеде Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары - дарынды балалармен кездесті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Облыс басшысымен кездесуге талантты оқушылар, олардың ата-аналары мен мұғалімдері қатысты. 

Химия және математика пәндерінен халықаралық дәрежедегі олимпиада биыл шілде айында өтіп, оған қатысқан облысымыздың “Білім-Инновация” лицей-интернатының бес бірдей шәкірті жеңімпаз атанды. 

Осло қаласында өткен 63-ші халықаралық математикалық олимпиадасына әлемнің 104 мемлекетінен 600 оқушы қатысты.
Аталған олимпиадада «Білім-Инновация» лицейінің 11-сынып оқушысы Әділет Абу қола медальді жеңіп алды. 

10-18 шілде аралығында Қытай халық республикасының Тяньцзинь қаласында өткен халықаралық химия олимпиадасында күміс медальді Ақтау қаласындағы "Білім-Инновация" лицейінің 11 сынып оқушысы Санжар Нұрғалиев иеленді. 

Сондай-ақ Ресейдің Якутск қаласында қашықтық форматында өткен математика, химия, физика және информатика пәндері бойынша «Туймаада» халықаралық олимпиадасына қатысқан аталған оқу орнының 10-сынып оқушылары Әліби Мұғалім мен Әділжан Молдағұл күміс медаль және 8-сынып оқушысы Нұрқожа Омарбаев қола медальді иеленді.

Нұрлан Ноғаев олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтап, бұл жеңісте ұстаздар мен ата-аналардың еңбегінің зор екенін атап өтті. 

- Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында білім беру деңгейін арттыру бойынша бақылауды күшейту, сондай-ақ дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Сіздер осындай нәтижелерге үлкен еңбекпен қол жеткіздіңіздер. Болашақта сіздерді бұдан да биік белестерді бағындырады деп үміттенемін, - деді Нұрлан Ноғаев.

Кездесуде жеңімпаз оқушының әжесі Нағима Нұрниязова білімді шәкірт тәрбиелеген ұстаздарға алғысын білдіріп, ақ батасын берді. 

Кездесу соңында облыс әкімі олимпиада жүлдегерлерін, сондай-ақ олардың мұғалімдері мен ата-аналарын алғыс хаттармен марапаттады және халықаралық олимпиада жеңімпаздарына ақшалай сертификаттар табыс етті.

  • 25.07.2022
  • 267
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика