• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан Нью-Йоркте БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бойынша екінші Ерікті ұлттық шолуды таныстырды

Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымы алаңында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бойынша екінші Ерікті ұлттық шолуды таныстырды.

ҰЭМ басшысы атап өткендей, Қазақстан ТДМ іске асырудың институционалдық базасын қалыптастыруға және дамытуға ерекше көңіл бөледі. Елде мемлекеттік жоспарлау жүйесі Тұрақты даму мақсаттарының 262 ұлттық индикаторын ескере отырып, іске асырылуда.

Министрдің айтуынша, ҚР Орталық Азияда ең алғашқы болып дамуды қаржыландыруды бағалау бойынша жұмыс жүргізді. Бағалау мемлекеттік бюджет тұрақты дамуды қаржыландырудың негізгі көзі болып қала беретінін көрсетті. Сонымен қатар, жеке меншік сектор қаржыландыруды ұлғайту үшін үлкен әлеуетке ие.

«ТДМ (Тұрақты даму мақсаттары) іске асыру кезінде біз «ешкімді артта қалдырмау» маңызды қағидатын басшылыққа алып отырмыз. Әркімнің пікірі естілген жөн. Ел үшін басым ТДМ-ды талқылауға және айқындауға мемлекеттік билік органдарының, азаматтық қоғамның, қоғамдық бірлестіктердің, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ жастар мен халықтың басқа да топтары тартылады», - деді Ә.Қуантыров.

Тұрақты даму мақсаттарының келесі бағыттары басым болып белгіленді: «кедейлікті жою», «жақсы денсаулық және амандық», «таза су мен санитария» және «лайықты жұмыс пен экономикалық өсу».

Бұдан басқа, Қазақстанда Экономикалық өсімді қалпына келтірудің кешенді жоспары іске асырылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2021 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық экономиканың ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) өсімі 4%-ға жетіп, жоспарлы қалпына келді.

«2022 жылдың алғашқы 6 айында елімізге инвестиция ағыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға артты. Халықаралық резервтер 86,6 млрд. долларды құрады», - деп нақтылады министр.

Бұл ретте жасыл бастамаларға да ерекше көңіл бөлінеді. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаңа Экологиялық кодекс қабылданды. Қалаларда сумен жабдықтау объектілеріне қолжетімділік 98,1%-ға, ауылдық жерлерде 93%-ға жетті.

«2060 жылға дейін көміртегі бейтараптықа қол жеткізу Стратегиясы әзірленуде, ол қоршаған ортаға зиянды әсерін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Тұрақты даму қағидаттары ESG стандарттары негізінде стратегиялар мен бизнес-модельдерге біртіндеп еңгізілуде», - деп хабарлады ҰЭМ басшысы.

Қазақстан өз алдына 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспорттың үлесін 45,7% деңгейінде қамтамасыз ету, еңбек өнімділігін 20,6%-ға арттыру, баламалы және жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды 2050 жылға қарай 50%-ға дейін ұлғайту және көмір тұтынуды біртіндеп азайту міндеттерін қойып отыр.

  • 28.07.2022
  • 277
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика