• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрлан Ноғаев паралимпиадалық спорт түрлерін дамытуға қосқан үлесі үшін Жаңаөзен қаласының ерекше спортшыларын марапаттады

28 шілде күні Жаңаөзен қаласына барған жұмыс сапарында өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспары аясында жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты, сондай-ақ "Алға" волейбол клубының матчына қатысып, спортшыларды паралимпиадалық спорт түрлерін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапаттады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Алдымен аймақ басшысы 120 адамға арналған ангарлық типтегі спорт кешеніне барды. Спорт кешенінде волейбол, баскетбол және шағын футбол алаңдары және жаттығу жасауға арналған залдар бар, сондай-ақ жекпе-жекпен айналысуға барлық жағдай жасалған. 

Айта кету керек, Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспары аясында Жаңаөзен қаласында осындай 8 спорт залы және 10 спорт алаңын салу жоспарлануда.  2023 жылы "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы аясында Теңге және Қызылсай ауылдарында 2 жобаның құрылысын салу жоспарлануда. 

Сондай-ақ, аймақ басшысы қаладағы жаяу жүргіншілерге арнап салынып жатқан аллеяға барды. Онда шағын сәулет нысандары, эко стиліндегі балалар ойын алаңдары, қолөнершілерге арналған киіз үйлер, арт-нысандар, фотозоналар, workout алаңдары, субұрқақтар, көлеңкелі қалқалар, сахна, муралдар және сауда павильондары орналасады.

Нұрлан Ноғаев одан әрі қазіргі таңда күрделі жөндеуден өтіп жатқан "Оқушылар сарайында" болды. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ғимаратта жастар орталығы ашылады. Онда робототехника, сәндік дизайн, дыбыс жазу, театр, фотостудия, коворкинг, спорттық және т. б. үйірмелер жұмыс істейтін болады. 

Жұмыс сапарының соңында облыс басшысы "Алға" спорт клубының мүмкіндігі шектеулі спортшыларымен кездесті. 

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған "Алға" спорт клубы 1990 жылы құрылған. Аталған клубтың спортшылары 11 мәрте Қазақстан чемпионы атанып, Лондон, Финляндия, Польша, Анталия, Камбоджада өткен көптеген халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр. 

Жаңаөзен қаласының паралимпиадашылары Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері және Малайзияда өткен паралимпиада ойындарында 3 қола медаль жеңіп алды. Клуб спортшылары отырып ойнау воллейболы, жағажай воллейболы, үстел теннисі, арбамен билеу және ауыр атлетика сияқты спорт түрлерінде өнер көрсетеді. 

Қазіргі уақытта спортшылар №1 ЖОМ базасында жаттығады. Спорт залдарының бірінің құрылысы аяқталғаннан кейін Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспары аясында мүмкіндігі шектеулі спортшылар ыңғайлы жағдайда жаттыға алады. 

Өңір басшысы өз кезегінде спортшыларға облыстың паралимпиадалық спорт түрлерін дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. 

- Өз жеңістеріңіз арқылы сіздер ерлік пен мүмкіндіктердің шексіз екенін дәлелдедіңіздер. Сіздердің жетістіктеріңіз - бұл қажырлы еңбек пен берік рухтың нәтижесі.  Өмірде жетістікке жету жолында адамның қолынан келмейтін нәрсе жоқ екенін көп жастарға дәлелдеп, үлгі боларлықтай нәтиже көрсетіп жүрсіздер, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Жиын соңында облыс әкімі паралимпиадалық спорт түрлерін дамытуға қосқан үлесі үшін спортшыларды алғыс хаттармен марапаттады.

  • 29.07.2022
  • 340
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика