• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ұлттық экономика министрі Ақмола облысының ауыл тұрғындарымен кездесті

Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Шортанды ауданының тұрғындарымен кездесіп, әлеуметтік нысандарды аралады.

Министрмен кездесуге келген жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Атап айтқанда, су, жылу және электрмен жабдықтау мәселелері көтерілді.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауылда, әсіресе жазғы маусымда, ауыз су жиі болмай қалады.

Бүгінгі күні облыс әкімдігі тарапынан су құбыры желілерін қайта құру жобасы әзірленуде. Ол аудан орталығын сумен жабдықтау мәселесін шешуі тиіс.

Ә.Қуантыров, сараптаманың оң қорытындысы алынған жағдайда, ҰЭМ әкімдікпен бюджеттік өтінімді уақытында уәкілетті органға (ҚР ИИДМ) ұсыну мәселесін пысықтайды деп сендірді.

Сондай-ақ, ауыл тұрғындары қазандық салу және көп пәтерлі үйлерді орталық жылуға қосу мәселесін шешуге жәрдемдесуді сұрады.

Министр Шортанды ауданы Дамса ауылындағы орталық қазандық пен жылу желілері құрылысының жобасы жан-жақты қарастырылатынын айтып, осы сұрақты бақылауға алатынын атап өтті. Жобаны қаржыландыру жоспарлы тәртіппен қаралатын болады.

Өз кезегінде, Төңкеріс станциясының тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты желілерді қайта құру мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

Ә.Қуантыров бұл мәселе келесі жылы облыстық әкімдіктен бюджеттік өтінім түскеннен кейін міндетті түрде қарастырылатынын айтты.

Сонымен қатар, ведомство басшысы Шортанды кентіндегі «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында жалпы сомасы 254 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілген Демалыс орталығын аралады.

Жаңартылған орталықтың инфрақұрылымы заманауи талаптарға сәйкестендіріліп, барлық жастағы адамдардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған орынға айналды.

Кешен көрермендер залымен, көркемөнер шеберханасымен, би студиясымен, кітапханамен және коворкинг-орталықпен жабдықталған. Балаларға арналған театр, домбыра, хореография, эстрадалық ән айту мен әйелдер вокалдық тобы секілді үйірмелер қайта іске қосылды.

Өңірде бұқаралық спортты дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Ұлттық экономика министрі жұмыс сапары аясында «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы бойынша жөндеуден өткен стадионға барды.

Жалпы сыйымдылығы 1250 орын болатын аренада заманауи жасанды төсем орнатылып жаңа жүгіру жолдары салынды.

Жалпы, ағымдағы жылдың бес айында Шортанды ауданында 4 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, инвестициялар көлемі 10 млрд. теңгені құрады, жұмыс істеп тұрған ШОБ саны 6,3%-ға артты. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету - 100% құрайды.

  • 04.08.2022
  • 269
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика