- Блогтар
- Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.
ҚР Энергетика министрі
Министрлердің бірлескен мониторинг комитетінің 43-ші отырысы және ОПЕК+ 31-ші министрлер кездесуінің қорытындылары
3 тамызда ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті.
Отырысқа Қазақстан атынан Энергетика министрі Болат Ақшолақов қатысты, - деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.
Отырыс барысында маусым айында елдердің келісім бойынша міндеттемелерін орындауы талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін қыркүйек айына тәулігіне 0.1 млн.баррельге ұлғайтуды жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Қазақстанның қыркүйек айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,710 млн. баррельді құрайды.
- 04.08.2022
- 127