- Блогтар
- Қарабаев М.К.
Қарабаев М.К.
ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы
"АрселорМиттал Теміртау" - қазақстандық нарықтағы еңбек жолына ширек ғасыр толды
ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті ұжымының атынан және жеке өз атымнан "АрселорМиттал Теміртау" АҚ басшылығы мен ұжымын Қазақстан Республикасындағы еңбек жолының 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
Ширек ғасыр бойы АрселорМиттал Қазақстанның тау-кен металлургия саласының көшбасшысы мәртебесін сақтап келеді және ел экономикасына қомақты үлес қосуда. Қазақстандық нарықта еңбек етіп келе жатқан компания осы 25 жыл ішінде өндірістік қуаттарды жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға, еңбек жағдайлары мен экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған қазіргі заманғы технологияларды енгізуге елеулі инвестициялар құйды.
Бүгін Сіздер Қазақстанның тау-кен металлургия өнеркәсібінің даңқты дәстүрлерін сақтай отырып, отандық және шетелдік тұтынушылар талап ететін өнімді шығарасыздар. Мұндай нәтижелерге білікті әрі ұйымшыл ұжымның арқасында ғана қол жеткізуге болады.
Осы мерейтой күні "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның барлық ұжымына жемісті жұмысы үшін алғыс білдіргіміз келеді. Біз сіздерге алдағы уақытта да компанияға әлемдік танымалдылық әкелген – ең заманауи технологияларды енгізу, табиғи ресурстарды ұқыпты игеру және адамдарға қамқорлық жасау сияқты қалыптасқан дәстүрлерді ұстанатындарыңызға сенімдіміз. Барлық ұжымға зор денсаулық, сондай-ақ еңбек жолында және жеке бастарыңызға әрдайым жеңістер тілейміз!
- 19.11.2020
- 435