• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда туристер үшін алғашқы визит-орталық ашылды

5 тамыз күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Түпқараған ауданына барып, жаңадан ашылған "Сартас" визит-орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Жұмыс сапары аясында аймақ басшысы алдымен аудан аумағында орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштер -  "Кенті баба" қорымы, "Шақпақ ата", "Сұлтан Үпі" жер асты мешіттеріне зиярат етті. 

Одан соң Маңғыстауда туризмді дамыту мақсатында бой көтерген "Сартас" визит-орталығына барып, жұмысымен танысты. 

"Сартас" визит-орталығы Каспий теңізінің Түпқараған ауданына тиесілі жағалауында, Таушық ауылынан 32 шақырым қашықтықта орналасқан. 

Нұрлан Ноғаев өз кезегінде орталықтың ашылуымен құттықтап, ауданда туризмнің дамуына сәттілік тіледі. 

- Туризмнің өңір экономикасын дамытуда маңызы зор. Біз осы бағытта жұмыс істейтін жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға әрқашан дайынбыз. Қазіргі уақытта шетелдік туристер Маңғыстаудың киелі және табиғи көрікті жерлеріне қызығушылық танытуда. Түпқараған ауданында көптеген тарихи орындар бар. "Сартас" визит-орталығының осы ауданға келетін туристердің аялдайтын және демалатын орны ретінде болашағы зор, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев. 

Маңғыстау жерінде танымал "Жығылған", "Саура", "Тамшалы" т.б табиғаты ерекше жерлерге бет алған туристер "Сартас" визит-орталығына аялдап, тынығуға мүмкіндігі бар. Жаңа нысан күніне 100 адамды қабылдауға қауқарлы. 

- Бұл - Маңғыстау жерінде ашылған алғашқы сапар-орталық. Осындай сапар орталығы арқылы жергілікті туризм де қарқынды дамиды. Ағымдағы жылы "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" еліміз бойынша туризмді дамыту үшін 20 жобаны жүзеге асыруда. Солардың бірі "Сартас" визит-орталығында ұйымдастырылады. Біздің мақсатымыз-орталыққа көптеген туристерді тарту, - деді  "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" АҚ төрағасы Талғат Аманбаев.

Айта кету керек, визит-орталықты жергілікті кәсіпкер Ербол Байжігітов өз қаражатына салған. Жоба құны - 248 млн.теңге. 

-Бүгінгі таңда Маңғыстаудың табиғатын тамашалуға келетін туристердің саны күн санап артып келеді. Осы көрсеткіш визит-орталық салуға себеп болды. Түпқараған ауданында табиғаты ерекше, көпшілікке танымал тарихи жерлер бар. Осы жерлерге де келушілердің саны да жыл сайын артуда. Сондықтан визит-орталық аталған жерлерге сапарлап шыққан туристердің тұрақтап, демалатын орнына айналады. Жобаның ерекшелігі, ауданның табиғаты ерекше тарихи және мәдени жерлерінің орталығында орналасқан, - деді "Сартас" визит-орталығының негізін қалаушы Ербол Байжігітов.

  • 08.08.2022
  • 306
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика