- Блогтар
- Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.
Ақтөбе облысының әкімі
Ұлттық экономика министрі Ақтөбе облысының кәсіпорындары мен әлеуметтік нысандарын аралады
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді. Ол ауылдық елді мекендердің тұрғындарымен кездесіп, әлеуметтік және өндірістік кәсіпорындарға барды.
Ақтөбе қаласында министр Батыс-2 шағын ауданындағы Тәуелсіздік даңғылының қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Жол жөндеу жұмыстары «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы аясында жүргізілуде. Тәуелсіздік даңғылын сегіз жолаққа дейін, ал Мұстафа Шоқай көшесін алты жолаққа дейін кеңейту жоспарлануда. Екі учаскенің жалпы ұзындығы шамамен 2,5 км құрайды. Жобаның құны 1,9 млрд. теңге. Алайда бас мердігер құрылыс материалдардың қамбаттауына байланысты жобаны түзету қажеттілігі туралы айтты. Қымбаттағандағы бағасы шамамен 800 млн. теңгені құрайды. Бұл қаражатты облыстық бюджет есебінен бөлу жоспарланып отыр.
Орталық көшелерді кеңейту қозғалыс трафигін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Барлық жөндеу жұмыстарын 2023 жылдың күзіне дейін аяқтау жоспарланған, - деді облыс әкімі О.Оразалин.
Кейін министр мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы бойынша салынған жаңа «AQQANAT» балалар онкогематологиялық орталығында болды. Заманауи клиникада ауыр диагнозы бар балаларға көмек көрсетіледі. Мұндағы жоғары технологиялық медициналық жабдықтар ауруларды бастапқы сатысында анықтауға және қажетті емдеуді тағайындауға мүмкіндік береді. Орталықта 100 орындық стационар мен бір ауысымда 50 балаға дейін қабылдай алатын консультациялық-диагностикалық бөлімше бар. Жобаның құны 5,2 млрд.тенге. Бірақ, өңірде МЖӘ жобаларын іске асыру кезінде бірлесіп қаржыландыруды есептеу әдістемелеріне, жергілікті атқарушы органдарда инвесторлар алдында кепілдікті қамтамасыз ету мүмкіндігінің болмауына байланысты проблемалар туындайды.
ҰЭМ басшысы МЖӘ (мемлекеттік-жекеменшік әріптестік) аясында іске асырылып жатқан әлеуметтік жобалардың маңыздылығын тоқталып, бұл сұрақтар мұқият зерттелетініне сендірді. Бұл мәселеге Министрлік аса көңіл бөледі. Мысалы, бүгінгі күні Ақтөбе облысында жалпы сомасы 25 млрд. теңгеге 14 МЖӘ жобасы бойынша шарттар жасалды. Денсаулық сақтау саласында – 7, мәдениет және спорт саласында – 4 жоба, білім беру саласында – 2, энергетика және ТКШ (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық) саласында – 1 жоба. Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында ҰЭМ басшысы керамогранит шығаратын «Зерде-Керамика Ақтөбе» ЖШС зауытында болды. Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдау алған кәсіпорын өз өнімін ішкі нарыққа жеткізіп, шетелге экспорттайды. Өндіріс процесі толық автоматтандырылған. Жобаға 9,2 млрд. теңге инвестициялар салынған. Кәсіпорында жылына 2 млн шаршы метрге дейін өнім шығарылады. 150-ге жуық адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген.
Қазіргі уақытта кәсіпорын орналасқан "Ақтөбе" индустриялық аймағына қосымша электр қуаты қажет. Ә.Қуантыров бұл сұрақты Энергетика министрілігмен бірлесіп талқылайтынын атап өтті. Сондай-ақ ҚДБ қаражаты есебінен болат балқыту зауытын салу мәселесі көтерілді. Жақын арада бұл жоба банктік сараптамадан өтуі тиіс. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында өңірде 376 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Аталған кезеңде жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 72 мыңға дейін жетті. «БЖК» (Бизнестің жол картасы) бойынша мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру үшін 5,1 млрд теңге қарастырылған.
Жалпы, Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында ағымдағы жылы 41 іс-шараны іске асыру көзделген. Жоспар бекітілген сәттен бастап халықтың осал топтары мен көп балалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысы, «Ақтөбе – Хромтау – Қарабұтақ – Ұлғайсын» автожолын қайта құру, жергілікті маңызы бар жолдарды күрделі және орташа жөндеу, 15 ауылдық елді мекенді газдандыру және 11 ауылдық елді мекенді сумен жабдықтау бойынша жұмыстар басталды.
- 08.08.2022
- 244