• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«AMANAT» партиясында тауарлар мен қызмет көрсету бағасын тұрақтандыру шаралары талқыланды

Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов «AMANAT» партиясы жанындағы экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысына қатысты. Жиында тауарлар мен қызмет көрсету бағасын тұрақтандыру шаралары талқыланды.

Азық-түлік бағасының әлемдік индексі, БҰҰ ФАО деректері бойынша, шілдеде жылдық мәнде 13,1%-ды құрады. Көптеген елдерде инфляцияның рекордтық деңгейі байқалуда.

«Сыртқы инфляциялық ахуалдың нашарлауы Қазақстандағы инфляцияның динамикасына да әсер етеді. 2022 жылғы шілдеде жылдық инфляция 15%-ға дейін өсті. Бұл ретте азық-түлік тауарлары бағасының өсуі бұған көп үлес қосты, ол 19,7%-ды құрады. Бұл 2007 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш», - деді Ұлттық экономика вице-министрі.

Азық-түлік инфляциясының драйверлері қант, пияз, бидай ұны, қарақұмық жармасы, макарон, нан және сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер, ет және ет өнімдерінің қымбаттауы болды. Маусымдық факторлар аясында шілдеде жеміс-көкөніс бағасының 4,3%-ға төмендеуі байқалды.

Қазіргі уақытта ішкі нарықтағы отандық тауарлардың үлесін ұлғайтуға, тауарларды сақтау және тасымалдау тетіктерін дамытуға, тапшылықты азайтуға, делдалдық буынды қысқартуға, бөлшек сауданы қолдауға, баға белгілеуді бақылауға, монополияға қарсы және сыртқы сауда реттеуіне бағытталған 2022-2024 жылдарға арналған инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешені іске асырылуда.

Осы шаралар шеңберінде ҚҚС (қосылған құн салығы) есепке алу әдісімен төленетін импорттық тауарлар тізімі жаңартылды. Азық-түлік қауіпсіздігінің 2022-2024 жылдарға арналған жоспары бекітілді. Ағымдағы жылғы қаңтарда сұйытылған мұнай газ бағасын реттеу 180 күнге енгізілсе, шілдеде оны 2023 жылғы қаңтарға дейін ұзарту туралы шешім қабылданған.

Сонымен қатар, дәрілік заттарға шекті бағаларды реттеу және қалыптастыру жобасы әзірленді.

Тұрақтандыру қорларын азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету жұмысы жүргізілуде. Апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіліп, тауарлар нарық бағасынан төмен бағада сатылуда. Айналым схемасын қаржыландыру 100 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Жергілікті атқарушы органдар ӘМАТ өндірушілермен және сауда объектілерімен бағаны тұрақтандыру туралы келісімдер жасауда.

«Әлеуметтік нан» бағасын тұрақтандыру мақсатында ағымдағы жылғы ақпаннан бастап «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ ұн тартатын кәсіпорындарға арзандатылған бидай сатуда. Азық-түлік тауары, құрылыс материалы, жеңіл тауар, химия мен фармацевтика өнеркәсіптерінің импортқа тәуелділігін азайту жобалары жүзеге асырылуда», - деді А.Әбдікәрімов.

  • 12.08.2022
  • 242
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика