• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Балқаш қаласының тұрғындарымен кезекті кездесу өткіздім

Балқаштықтарда сумен жабдықтау және жылыту, қаланы абаттандыру бойынша көптеген мәселелер бар. Кейбір мәселелер біртіндеп шешілуде, бірақ қосымша ресурстарды қажет ететін мәселелер бар.

Жазда Балқашта үнемі су проблемасы орын алады. Осы жылдан бастап біз бұл мәселені түбегейлі шешу бойынша жобаны бастадық. Балқаштың ішкі орамдарында 22 шақырым су құбыры желісін қайта құру басталды. Сумен жабдықтау және су бұру мәселелерін шешкеннен кейін жолдарды жөндеуге кірісеміз. Биылғы жылы «Тоқырау-Саяқ» су құбырын жөндеу аяқталады.

Қоңырат шағын ауданының ішкі кварталдарында М1 және М2 жылу магистральдарының және жылу желілерінің құрылысы жалғасуда. Онда биыл сорғы станциясының құрылысы басталады, содан кейін қалған 4 шақырым жылу желілерінің құрылысы аяқталады. Осы жылыту маусымының өзінде орталық жылумен жабдықтауға 120 үй қосыла алады.

Балқаштың визит карточкасы – «Тәуелсіздік» алаңы. Оны абаттандыру өткен жылы басталып, осы күзде аяқталады. Алаң бұрынғысынан әлдеқайда үлкен болады. Жаңа бөлікте амфитеатр, сахна, шатыры бар балалар алаңы және құрғақ субұрқақ салынады. Күзде Балқашта 1650 көшет отырғызу жоспарлануда. 2 жыл ішінде қаланың суару жүйесі қайта жаңғыртылады. 18 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері сырланды. Оның ішінде үш үйдің шатыры ауыстырылуда.

Қаланы санитарлық тазарту бойынша. Балқаш қаласындағы рұқсат етілмеген қоқыс орындарына бейнекмералар орнату басталды.

Құрылыс бойынша. Биыл Таунхаустарды, Сәбитов шағын ауданындағы емхананы, «Қоңырат» шағын ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, әкімдіктің ашық ғимараттарын жөндеу аяқталады.Осы күзде Балқашта тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық аурулары бар балаларға арналған оңалту орталығы ашылады. Екі қабатты ғимарат жөнделді, қазір ол заманауи құралдармен жабдықталып, қызметкерлермен қамтамасыз етілуде.

Балқаш курорттық аймағын дамыту бойынша.

Балқаш қаласындағы Бертіс шығанағының туристік нысандарына инженерлік инфрақұрылымның құрылысы аяқталуда. Балқаш қаласына қосылған Тораңғалық және Шұбар Түбек кенттерінде инвесторлар үшін 90 гектар бос жер телімдері қолжетімді болады. Балқашта барлығы 17 демалыс аймағы мен қонақ үй салу жоспарлануда. 8 демалыс орны салынып жатыр. «Қарағанды – Балқаш» жолының 363 шақырымы бойында жол бойындағы сервистің үш ірі нысанының құрылысы жоспарлануда. Санитарлық-гигиеналық мақсаттағы 19 алаң салынады.

Тұрғындармен кездесуден кейін бірден жеке қабылдау өткіздім. Негізінен тұрғын үй, абаттандыру және денсаулық сақтау салаларына қатысты мәселелер айтылды. Барлық мәселені бақылауға алдым.

  • 12.08.2022
  • 284
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

Бөлекпаев Е.Қ.
(Мұрағат)

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика