• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев «Болашақ» сарайында өткен Құрылысшылар күніне арналған салтанатты жиында құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар еңбек ардагерлері мен еңбек озаттарын марапаттады.

–Құрылысшы мамандығы біздің қоғамдағы ең бейбіт және жасампаз , сондай-ақ, сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Бүгінгі таңда еңбегі ғасырлар бойы сақталатынын мақтан ете алатын кәсіп өкілдері көп емес, құрылысшының жұмысы – бұл ең алдымен зор жауапкершілік. Біздің қаланың  1 жылдан кейін,немесе, 10 жылдан кейін қандай болары, оны біздің балаларымыз бен немерелеріміз қандай күйде көретіні  осы құрылысшыларға, сәулетшілерге, көркемдеуші-дизайнерлерге  байланысты. Сіздердің еңбектеріңіз тіршіліктің сапасын арттыруға және лайықты болашақты қамтамасыз етуге бағытталған, – деді ол.

Ал, біздің облысымызда әсіресе тұрғын үйлер салу ерекше қарқынмен дамуда. Тіпті, таралған індет кезінде де құрылыс саласы тоқтаусыз өз жұмысын жалғастыра берді. Олардың басты мақсаты- нысандардың құрылысын дер кезінде және сапалы орындау болды.

Соңғы 3 жыл ішінде бұл салаға 200 миллиард теңге инвестиция тартылған. Оның ішінде 2022 жылдың 6 айы ішінде  40,5 миллиард теңге кірген. Алғашқы жарты жыл қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының атқарылуы ауқымы жөнінен Ақмола облысы бірінші орында тұр. Нақты өнім көлемі 138,7 пайыз. 2020 жылдан бері  1,5 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. 12 мың ақмолалық өзінің пәтер мәселесін шешкен.

Ағымдағы жылы әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға арналған 11 арендалық тұрғын үй салынады. Оның ішінде  Атбасар ауданының су тасқынынан  жапа шеккен тұрғындары үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінен 6 несиелік және 2 тұрғын үй бар.

Ақмола облысы республикада алғашқылардың бірі болып, несиелік үйлер географиясын кеңейтіп, тек қана облыс орталығында емес, Ақкөл, Есіл, Ерейментау, Макинск сияқты шағын қалаларда да сондай үйлер сала бастады. Тұрғын үйлер облысымыздың барлық 20 өңірінде салынуда. Бұл жерде жеке кәсіпкерлер мен коммерциялық құрылыс ұжымдарының үлесі мол екенін атап өтуге тиіспіз. Облыс бойынша тұрғын үйлердің 70 пайызы жеке инвистициялар арқылы көтерілуде. Оның жарқын мысалы ретінде Көкшетау қаласындағы Сары-Арқа шағын ауданын атауға болады.

Мемлекет әлеуметтік нысандар құрылысына ерекше назар аударып отыр. Соңғы 2 жылда Ақмола облысында әлеуметтік саланың 41 нысаны салынды. Бұл өте жоғары нәтиже. Пандемияға қарамастан Целиноград, Зеренді аудандарында және Көкшетау қаласында 13 білім беру  объектісі пайдалануға берілді.

–Соңғы жылдары облысымызда құрлыстың дамуы бұрын болмаған қарқын алды, бұл нағыз құрылыс серпілісі. Саланың дамуына «КГС Сауда», «Алуа строй», «ЕНКИ», «Кокшебильдинг», «Мейірім», «Көктем С», «Арлан 2004» сияқты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер – ірі құрылыс компаниялары елеулі үлес қосып келеді, – деді Ермек Маржықпаев.

Осылайша, құрылыс жетістіктеріне жан-жақты тоқтала келе облыс әкімі осы саланың бүгінгі салтанатқа қатынасып отырған Владимир Комиссарчук, Айдар Мурзин, Анатолий Митрофанов, Татьяна Савенко, Бурабай Марамов, Брайда Бағманов, Мұнарбек Батырханов, Юлия Фильчикова сияқты ардагер-құрылысшылар есімдерін атады.

Салтанатты жиын үстінде облыс әкімі бірқатар құрылысшыларға «Құрметті құрылысшы», «Құрметті жобалаушы» төсбелгілерін табыстап, министрлік пен өз атынан Алғыс хаттармен марапаттады.

Жиын салтанатты жиналысқа қатынасушыларға арналған тартымды концертпен жалғасты.

  • 13.08.2022
  • 252
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика