• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтауда Халықаралық мектеп олимпиадалары жүлдегерлерінің портреттері салынған билбордтар пайда болды

Маңғыстауда балалардың білімге деген құштарлығы мен ғылымға деген қызығушылығын халықаралық мектеп олимпиадаларының жүлдегер оқушыларын танымал ету арқылы ынталандыру шарасы қолға алынды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

Еуропа, Азия және ТМД елдеріндегі халықаралық пәндік олимпиадаларда әр түрлі дәрежедегі марапаттарға ие болған оқушылардың портреттері облыс орталығының LED экрандарында көрсетіле бастады, сондай-ақ қалалық билбордтарға орналастырылды. 

Норвегия астанасы Ослода өткен оқушылар арасындағы 63-ші Халықаралық математикалық олимпиадаға IMO-2022) әлемнің 104 елінен 600 вундеркинд бала жиналды. Соның алтауы Қазақстаннан қатысты.

Аталған жарыста Ақтау қаласындағы "Білім-Инновация" лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Әбу Әділет қола медальға ие болды. 

Осы оқу орнының түлегі Санжар Нұрғалиев 10-18 шілде аралығында Қытайдың Тяньцзинь қаласында онлайн режимінде өткен химия пәнінен халықаралық олимпиадада (IChO) екінші орын алды. 

Ақтау қаласының оқушылары Якутск қаласында өткен физика, химия және информатика пәндері бойынша "Туймаада" Халықаралық Олимпиадасынан да жүлделі орындарға ие болды. Онда Мұғалім Әліби мен Молдағұл Әділжан күміс, Нұрқожа Омарбаев қола медаль жеңіп алды. 

- Жыл сайын әлемнің 100-ден астам елінің командалары қатысатын олимпиадада біздің оқушылар өз білімдерін дәлелдеді. Халықаралық деңгейде олар өздерінің мықты екендерін көрсетті. Осыған байланысты біз облыс әкімінің тапсырмасы бойынша олимпиада жеңімпаздарының суреттерін қала көшелеріне орналастыра бастадық. Бұл тек оқушылардың ғана емес, олардың ата — аналары мен ұстаздарының үлкен еңбегі, - деп атап өтті облыстық білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева.

  • 15.08.2022
  • 231
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика