- Блогтар
- Сәрсекеев Ф.Қ.
Сәрсекеев Ф.Қ.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы
Үкімет жеке кәсіпкерлікті мемлекет терапынан қолдау процедураларына өзгерістер енгізді
Өзгеріс бірқатар мемлекеттік бағдарламалар мен бағыттар, соның ішінде «Даму» Қоры жүзеге асырып жатқан бағдарламаларға да қатысты. Бұл тізімде «Қарапайым заттар экономикасы» (ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11.12. №820 қаулысымен бекітілген), «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» (әрі қарай – Ұлттық жоба) аясындағы «кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» (ҚР Үкіметінің 31.12.2019 ж. №1060 Қаулысымен бекітілген) бағыты, «Ұлттық жоба» аясында жүзеге асырылатын «Қазақстан Республикасында шығарылған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары» бағыты да бар.
Бизнесті мемлекеттік қолдаудың осы шараларын жүзеге асыру барысында кәсіпкерлерді қаржыландыру үшін Қордың субсидия және кепілдік беру құралдары пайдаланылады.
Негізгі өзгерістер мен толықтырулар (ҚР Үкіметінің 2022 ж. 19 шілдедегі №505 қаулысымен бекітілген):
I. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына енген өзгерістер:
-
1. Субсидия құралы бойынша номинал сыйақы мөлшерлемесі белгіленді. Ол – ҚР ҰБ базалық мөлшерлемесіне +4,5%, оның 7%-ын жеке кәсіпкерлік субъектілері төлейді, ал қалған айырмасын мемлекет субсидиялайды.
-
2. Санкция салынған (экономикалық сипаттағы шектеу шаралары, оның ішінде ел немесе бірнеше елдің қаржылық операциялар жүргізуге басқа елге салған шектеу шаралары) екінші деңгейлі банктер арқылы қайта қаржыландыру үшін алынған несие/қаржы лизингі де субсидияланып, кепілдік беріледі. Қайта қаржыландыру ЕДБ/ЛК-нің өз қаражаты есебінен ғана жүзеге асырылады.
-
3. Инвестиция үшін алынған несиелерді субсидиялау мерзімі 5 жылға дейін қысқартылды.
- 4. Кепілдік беру құралы бойынша да номинал сыйақы мөлшерлемесі Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне +4,5% болып белгіленді.
II. «Кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағыты бойынша өзгерістер:
-
1. Санкция салынған банктердің «Даму» Қоры жүзеге асыратын және басқа да мемлекеттік бағдарламалар аясындағы жобаларға 2 жылдан астам мерзімге берген несиелері қайта қаржыландыруға жатады. Қаржы агенті («Даму» Қоры) осы аталған банктерден қарызды қайта қаржыландыруға өтінішті 2022 жылдың 1 қазанына дейін (қоса алғанда) қабылдайды.
-
2. Бизнестің тіркелген және жұмыс істеп тұрған мекенжайына қатысты да шектеулер бар. Олар:
-
- экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін кәсіпкердің бизнесі тіркелген жеріне қарамастан қарастырылады;
-
- елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық жерлердегі бизнестің жұмыс істеп тұрған орны мен кәсіпкердің тіркелген жерін ескере отырып, салалық шектеусіз жүзеге асырылады.
III. Облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына енген өзгерістер:
-
1. АХҚО облигациялары бойынша «жасыл» жобалар бойынша ғана шектеу алынып тасталды.
-
2. Субсидия құралы бойынша номинал сыйақы мөлшерлемесі – ҚРҰБ базалық мөлшерлемесіне +5%. Оның 6%-ын кәсіпкер төлеп, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын болады.
-
3. Облигациялар бойынша эмитенттің кепілмүлкі міндетті түрде болуы және үшінші тұлғаның кепілдігіне қатысты нормалар алып тасталды.
Осы шаралардың барлығын жүзеге асыру – қаржы институттарының қызметін жандандырып, бизнеске несие беруге ынталандыруға және отандық кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
- 16.08.2022
- 376