- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен келіп, «Көкшетау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының нысандарын аралап көрді.
Ол қазандық агрегаттарын,облыс орталығындағы магистральдық жылу желілерін жөндеу жұмыстары бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар барысымен танысты. Сонымен қатар, Көкшетау қаласы әкімдігінде өткен жиынға қатысып, өңірімізде Инвистициялық бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстарды саралай отырып, тұрғындар мен кәсіпкерлер тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға жауап берді. Сапар барысында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Малғаждар Тәткеев бірге болып, жиынды өзі жүргізіп отырды. Сондай-ақ, іс-шараға Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса, сала басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Облыс орталығындағы №1 жылыту қазандығы 1977 жылы салынып, пайдалануға берілген. Елу жылға жуық үздіксіз жұмыс істегендіктен, әбден тозығы жетіп, ескірген. Қаланың өсуіне байланысты жаңа ТЭЦ-тің керегі айқын. «Көкшетау Жылу» мемлекеттік коммуналдық шаруашылық мекемесінің бас директоры Руслан Макишевтің айтуынша, облыс орталығындағы қазандықтар мен құбырлар жаңартылып жатыр. Айта кетуіміз керек, «Көкшетау Жылу» мемлекеттік коммуналдық шаруашылық мекемесінің 2021 жылға арналған жылу энергиясы бойынша инвестициялық бағдарламасына сәйкес 366 миллион теңге сома қаражат қарастырылған.
Инвестициялық салымдардың басым бағыттары жылу энергиясын өндіру сенімділігін қамтамасыз ету, экологиялық іс-шараларды орындау, тозған жабдықтарды ауыстыру, пайдалы әсер коэффициентін, жабдық жұмысын арттыру, жылу энергиясын өндіруді арттыру мәселелері болып табылады. 2021 жылғы инвестициялық бағдарламаға сәйкес жылу энергиясын өндіру бойынша 6 дана сорғышты ауыстыру жоспарланған. Бүгінгі таңда мердігер ұйымдармен келісім-шарттар жасалып, 4 дана сорғыш сатып алынды. Тағы 2 сорғыш пайдалануға берілмекші.
Сондай-ақ, өткен 2021 жылы өнімділігі сағатына 2500 тонна GRUNDFOS маркалы желілік сорғы агрегаттары бар қуаттылығы 100 ГКал жаңа газ-мазутты қазандық орнатылыпты. Ал, №2 жылыту қазандығы цехында қазандық агрегаттарын жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар басталды. VZP текшелерін, конвективті пакеттерді, қыздыру беттерін, шаң өткізгіштер мен газ құбырларын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.Қазандық агрегаттарында жөндеу жұмыстарымен қатар, магистральдық жылу желілерін жөндеу жұмыстары да қарқынды жүргізілуде.
Мәселен, ағымдағы жылы үш шақырымнан астам желі жаңартылады деп жоспарланған. Бұл мақсатқа 2,5 миллиард теңге қаражат бағытталған.
– Темірбеков көшесіндегі жылу магистралі – 2021 жылы Құдайбердиев көшесінен Әуелбековке дейінгі жылу трассасының монтажы жүргізілді. Қазіргі уақытта 588 метр жылу трассасы құрастырылды, диаметрі 500 мм шарлы крандарды монтаждау бойынша жұмыстар жүргізілді.Әшімов көшесінде жылу магистралін қайта жаңарту жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта Ғабдуллин көшесінен Н.Назарбаев даңғылына дейінгі учаскеде 588 метр жылу трассасы жөнделді. Шарлы крандарды орнату және монтаждалған құбыр учаскесін қайта толтыру бойынша жұмыстар да қарқынды жүргізілуде, сондай-ақ, Н.Назарбаев даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейінгі учаскеде құбыр желісін демонтаждау қолға алынды.Сонымен қатар, Әуезов көшесіндегі жылу магистралі ұзындығы 234 метр Пушкин көшесінен Тәшенов көшесіне дейінгі учаскедегі құбырларды демонтаждау және жер қазу жұмыстары орындалды. Қазіргі уақытта 191 метр жылу трассасы жөнделді, – дейді Руслан Макишев.
Көкшетау қаласы жыл өткен сайын өркендеп, дамып келеді. Жаңа мөлтек аудан тұрғызылып, керегеміз кеңеюде. Ал, жылыту нысандары сол баяғыша. Көкшетау қалалық әкімдігінде өткен жиын барысында осы және басқа да жылыту маусымына қатысты іс-шаралар туралы айтылып, жылу энергиясының тарифі талқыланды.
Баяндамашылардың айтуынша, еліміздегі ең арзан жылу тарифі – Көкшетауда. Облыс орталығында бірнеше жылдан бері жылу тарифі өзгерген жоқ. Соған қарамастан, борышкерлер саны азаяр емес. Көкшетауда жылу тарифінің өсіру мәжбүрлі және өте қажетті шара екендігін баса айтты жиынға қатысушылар. Алайда, бұл мәселенің нақты шешімін әлі кесіп айта алмаймыз.
Жиын барысында Комитет төрағасы Асан Дарбаев өңіріміздегі кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасын орындау бойынша атқарылып жатқан істерге оң баға беріп, жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
- 16.08.2022
- 246