- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
Қазгидромет жаздық бидай мен күнбағыстың өнімділігі болжамын нақтылады
Есептік деректерге сәйкес және қалыптасқан және күтілетін агрометеорологиялық жағдайды ескере отырып, республиканың солтүстік жартысында жаздық бидайдың өнімділігі 2022 жылы көбінесе орташа көп жылдық мәнге жуық, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде орташа көп жылдық мәннен жоғары болады деп күтілуде.
Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл, Қызылжар және Аққайың аудандарында, Қостанай облысының Қамысты ауданында, Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай және Алтай аудандарында бидайдың өнімділігі нормадан жоғары болып болжанады.
Қостанай және Павлодар облыстарында күнбағыстың өнімділіге 2022 жылы орташа көп жылдық мәнге жуық, ал Шығыс Қазақстан облысында орташа көп жылдық мәннен жоғары болады деп күтілуде.
Барлық агрометеорологиялық болжамдар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынылады, сондай-ақ «Қазгидромет» РМК ресми сайтында жарияланады (https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/agrometeorologicheskie-prognozy) және фермерге арналған "АgroData" қосымшасына (https://agrodata.kz/#/forecasts/drought-productivity) жүктеледі.
- 17.08.2022
- 244