• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда Шекара қызметінің 30 жылдығы атап өтті

18 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құрылғанына 30 жыл толуына орай Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тінәлиевтің қатысуымен "Қасиетті шекара күзетінде" атты салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қазақстан-жер көлемі бойынша әлемде 9-шы орынға ие. Мемлекеттің құрлық шекараларының ұзындығы 13 392 шақырымды құрайды. 1992 жылдың 18 тамызынан бастап Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Шекара әскерлерін құру туралы" Жарлыққа қол қойды.

Мерекелік шараға сарбаздар, шекара әскерлерінің офицерлері және сала ардагерлері қатысты.

Салтанатты жиында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев аймақ басшысының атынан шекарашыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. 

-Сіздерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара әскерінің құрылғанына 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын. Қай елдің болмасын, мемлекеттілігін айқындайтын оның шекарасы екендігі белгілі. Тәуелсіздіктің арқасында Қазақ елі ғасырлар бойы ата-бабамыз арман еткен ұлан-байтақ жеріміздің шекарасын бекемдеп, мызғымастай беріктігі мен аумақтық тұтастығын дәлелдеді. Еліміздің Ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ұлан-ғайыр мемлекеттік шекарамызды қорғауда сіздердің шекара күзетіндегі сіңірген еңбектеріңіз ерліктің үлгісімен пара-пар. 
Бүгінгі күні, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің шекарашылары Мемлекеттік шекараның қол сұғылмауын, шекара кеңістігіндегі заңдылықты және тиісті тәртіпті орнатуды, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын сенімді қорғау тапсырмасын асқан ерлікпен атқарып келеді.
Осындай қиын және қауіпті қызметті атқаратын шекарашыларға әрдайым құрмет пен алғысымыз шексіз! - деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев.

Айта кетсек, бүгінде шекарашылар Маңғыстау облысында ҚР Мемлекеттік шекарасының 2740 шақырымын күзетуде. Оның ішінде 930 шақырымы құрлықта, 1807 шақырымы теңізде және өзендерде. Өңіріміз құрлықта Өзбекстан және Түрікменстан Республикаларымен, теңізде Түрікменстан, Иран, Әзірбайжан, Ресей Федерациясымен шектеседі.

Шарада еліміздің Мемлекеттік шекара күзетінде қызметін мүлтіксіз атқарған бірқатар сарбаз Маңғыстау облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. 

Мерекелік кеш ары қарай өнерпаздардың дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

  • 19.08.2022
  • 337
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика