• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Теміртау қаласына жұмыс сапарым

Газ-ауа қоспасының тұтануына байланысты үйлері зардап шеккен тұрғындармен кезекті кездесуді өткіздім. Қазір үйде техникалық тексеру жүргізілуде. Толық қорытынды келесі аптада әзір болады. Тұрғындарға Теміртау политехникалық колледжінің жатақханасынан уақытша тұрғын үй берілді. Теміртаудың әкіміне жедел түрде қажетті көмекті көрсету тапсырылды.

Жұмыс сапары аясында қала тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткіздім. Қалада көптеген проблемалар бар, олардың барлығы біртіндеп шешілуде.

Өзекті мәселелердің бірі – жылыту маусымы. Бүгінде Теміртауда жылу тапшылығы шамамен 250 Гкал құрайды. Қолға алынған жетінші қазандықтың құрылысы 2-ЖЭО-ның қуатын арттыруға мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстары 80% орындалды. Сонымен қатар жабдықты монтаждау жүргізілуде. Қазандық келесі жылыту маусымында іске қосылады.

Осы жазда №3 қалалық жылу магистралін күрделі жөндеуді бастадық. Биылғы жылы құбырларды төсеу жұмыстарын аяқтау қарастырылған. Желілерді монтаждау қыркүйек айында аяқталады деп жоспарлануда.

Мичурин көшесіндегі су таратқышты күрделі жөндеу бойынша. Аталған құбырлардың тозуына байланысты тұрғындар бірнеше рет сусыз қалған болатын. Қазіргі уақытта 3 км құбыр жүргізілді. Бұл қаланың шығыс бөлігінде орналасқан 500-ден астам көпқабатты үйлердің тұрғындары үшін сумен жабдықтау сапасын айтарлықтай жақсартады.

Сондай-ақ 60 аула алаңы жөнделеді. Үнемдеудің арқасында ойын элементтері тағы 10 аулада орнатылады. Барлық жұмыстар қыркүйек айында аяқталады.

Сапар барысында 6 жыл бойы апатты жағдайда тұрған №12 мектепте жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен таныстым.

  • 19.08.2022
  • 380
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

Бөлекпаев Е.Қ.
(Мұрағат)

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика