- Блогтар
- Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.
Ақтөбе облысының әкімі
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Сейсенбі, 23 тамыз күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин "АMANAT" партиясының облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында кезекті рет өңір тұрғындарын қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Ақтөбеліктер өңір басшысына тұрғын үймен қамтамасыз ету, апатты жағдайдағы баспанасына күрделі жөндеу жүргізу, қаңғыбас иттерді аулау, денсаулық сақтауға қатысты және т.б. сұрақтары бойынша жүгінді.
Азаматтардың барлық бағыттағы сұрақтарын мұқият тыңдап шыққан Оңдасын Оразалин тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына мәселені заң аясында шешуді тапсырды.
- 24.08.2022
- 221