• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда Асанәлі Әшімовтің 85 жылдығына арналған қойылым сахналанды

23 тамыз күні Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрының сахнасында Асанәлі Әшімовтің 85 жылдығына арналған "Тағдыр тақтасы" қойылымы сахналанды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Қойылымға халық әртісі Асанәлі Әшімов, жұбайы Бағдат Әшімова, сондай-ақ мерейтой иесінің өнерін бағалаушы көрермендер, мәдениет және өнер қайраткерлері, шығармашылық топ өкілдері және Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Қойылым қазақ сахна және кино өнерінің абызы Асанәлі Әшімовтің 85 жылдық мерейтойына арналды.

Асанәлі Әшімовтың өмір жолын суреттейтін "Тағдыр тақтасы" қойылымын маэстроның өз шәкірттерінен құрылған «Жаңа ғасыр» театрының әртістері сахналады. 

Бұл драма - Алаштың абыз тұлғасына айналған Асанәлі Әшімовтың шығармашылығы мен өміріне арналған. Өмірдің ащысын да тәттісін де тата жүріп, өнердің бақ пен сорын қатар артса да қайыспаған тұлғаның қайсарлығына арналған.  "Жаңа ғасыр" театрының әртістері жоғарыда аталған сезімдерді көрермендерге шынайы жеткізе білді. 

Спектакль аяқталғаннан кейін аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев өз сөзінде Асанәлі Әшімовтің театр және кино өнеріне қосқан өлшеусіз үлесін атап өтті.

- Біз сіздерді қасиетті Маңғыстау жерінде көргенімізге қуаныштымыз. Қазақ мәдениеті мен өнерінің тарихы өте бай. Халқымыздың рухани бай мұрасында танымал тұлғалар көп. Соның ішінде Асанәлі Әшімовтің есімі алтын әріптермен жазылған. Сіздің адамгершілігіңізді, талантыңызды, шығармашылығыңызды халық мойындайды және сізге көрермендеріңіздің ыстық ықыласы ерекше. Қазақтың әр баласы сіздің фильмдеріңізді көріп өсті.  Сіздің бейнеңіз, дауысыңыз көрермен санасында жаттаулы. Өміріңіздің 85-ші белесіне келсеңіз де, әлі күнге дейін өнеріңізді жалғастырып келесіз. Сіз өмір жолыңызда төзімділік пен шыдамдылықтың үлгісін көрсете білдіңіз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, сіз бүкіл әлемнің ыстық ықыласына бөленген жансыз. Маңғыстаулықтардың атынан сізге және шәкірттеріңізге отандық өнер саласына қосқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Сізді мерейлі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Зор денсаулық және шығармашылық табыс, отбасыңызға амандық, қуаныш пен жан тыныштығын тілеймін, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев

Салтанатты кеште Асанәлі Әшімов ұлымен бірге "Жан балам" әнін орындап, сонымен қатар облыс тұрғындарына алғысын білдірді.

  • 24.08.2022
  • 262
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика