• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Бұқар жырау ауданының тұрғындарымен кездестім

Ғ. Мұстафин кентінде жайылымдардың жетіспеушілігі мәселесі өткір күйінде қалып отыр. Бұқар жырау ауданы бойынша мал жаюға арналған жерлерге қажеттілік 1 млн гектарға жуық жерді құрайды. Жыл басынан бері 40 мың гектар жерді қоғамдық жайылымдарға беру туралы келісімге қол жеткіздік. Осакаров, Нұра және Бұқар жырау аудандарындағы кем дегенде 300 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару міндетін қоямыз. Жермен байланысты мәселе ерекше бақылауда.

Сондай-ақ маңызды мәселенің бірі – автомобиль жолдарының сапасы. Қазір Ростов және Орталық ауылдық округтерінде, Суықсу, Ақөре ауылдарында жолдар жөнделуде. Келесі жылы «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша Шешенқара, Үштөбе, Доскей және Керней сияқты бірнеше елді мекендерді қамтуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, Нұра станциясынан Ғ.Мұстафин кентіне дейінгі ұзындығы 5 шақырым айналма жол жөнделетін болады. Ақша бөлінді, мердігер анықталды.

Биылғы жылдың басты жол жобаларының бірі – Қарағанды-Қарқаралы бағыты. Биыл «Қазақавтожол» Қарағанды-Аягөз-Бұғаз жолын орташа жөндеуді бастады. Ағымдағы жылдың соңына дейін учаске пайдалануға беріледі. Матақ-Қарқаралы елді мекендерінің арасындағы қалған учаскелер 2023 жылы кезең-кезеңімен жөнделетін болады.

Ботақара кентінде кезекте тұрғандарды қамтамасыз ету үшін жыл соңына дейін 12 пәтерлі жалға берілетін алты тұрғын үйдің құрылысы аяқталады. Доскей ауылында бос тұрған 5 қабатты екі үй қалпына келтіріледі.

Жаңаталап, Сарытөбе, Қызылжар, Асыл, Самарқанд ауылдарында және Ботақара кентінің бесінші кезектегі су құбыры желілерін салу мен қайта жаңарту аяқталады. Доскей және Үштөбе ауылдарында клубтардың құрылысына қаражат бөлінді.

Ғ. Мұстафин кентінің тұрғындарынан басқа да сұрақтар болды. Оларды Нұра өзені арқылы өтетін көпір салу мәселесі толғандырады, өйткені 60 шақырым айналма жол Теміртауға дейінгі қашықтықты 5 есеге жуық арттырады. Көпірде автомобиль және жаяу жүргіншілер қозғалысы қарастырылған. Құрылысты 2023 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Көктемде Ғ. Мұстафин кентінің тұрғындары дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды ұсынған болатын. 320 орынға арналған спорт нысаны салына бастады. Мұнда бокс және күрес залдары болады. Біз көше аумағын жабдықтаймыз. Кенттің бес балалар мен спорт алаңдарында тренажерлер орнатамыз.

  • 25.08.2022
  • 366
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

Бөлекпаев Е.Қ.
(Мұрағат)

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика