• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҰЭМ басшысы ЕАЭО елдері экономика министрлерінің кеңесіне қатысты

Әлібек Қуантыров Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы шеңберінде Чолпон-Ата қаласында (Қырғыз Республикасы) өткен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономика министрліктері басшыларының кеңесіне қатысты.

Экономика министрліктерінің басшылары ЕАЭО-да стратегиялық жоспарлау жүйесін, 2035 жылға дейінгі экономикалық дамудың негізгі бағыттарын, сондай-ақ қуып жетуші экономикаларды дамыту үшін негізделген нысаналы қаржыландыру тетіктері мен бағдарламаларын әзірлеудің нысаналығын талқылады.

Министр ағымдағы күн тәртібінде көтерілетін Стратегиялық жоспарлау мәселесі тек қана ұлттық құзыретке жататынын атап өтті. Осы тұрғыда ЕАЭО шеңберінде жұмыс істеп тұрған алаңдар мен өзара іс-қимыл форматтарын пайдалану қажет.

«Біз ЕАЭО базасында консорциум нысаны ретінде де Стратегиялық бастамалар жөніндегі агенттікті құру орынсыз деп санаймыз», - деп атап өтті Ә.Қуантыров.

Кеңес отырысы барысында ҰЭМ басшысы Стратегия-2025 тиімді іске асыру үшін жұмыс істеп тұрған даму институттары мен қаржыландыру тетіктерінің ресурстарын пайдалану орынды екенін түсіндірді. Сондай-ақ, министр олардың тиімділігін арттыру қажеттілігін атап өтті.

«Ынтымақтастықты қабылданған стратегиялық бағыттар шеңберінде құру орынды. Бұл бағыттарда ЕАДБ, ЕТДҚ әлеуетін, сонымен қатар «Астана» халықаралық қаржы орталығының әлеуетін пайдалану арқылы бірлескен жобаларды қаржыландыру туралы нақты айтылған», - деді министр.

2035 жылға дейінгі экономикалық дамудың негізгі бағыттарын дайындау бойынша Ә.Қуантыров бүгінгі таңда құжат жобасы мемлекетішілік келісуде екенін атап өтті.

«Әзірленіп жатқан «ЕАЭО-ның 2035 жылға дейінгі экономикалық дамудың негізгі бағыттары» жобасында ЕАЭО туралы шарт шеңберінен шықпайтын экономикалық ынтымақтастықтың негіз қалаушы қағидаттарын сақтау маңызды. Бұл тұрғыда біз сандық өлшемді жақтамаймыз, бірақ одақ аясында қабылданатын құжаттардың сапасын қадағалаймыз», - деп қосты ол.

Министр сондай-ақ осы жоба мазмұнын толықтыру бойынша талқылауларға және одан әрі бірлескен жұмысқа қатысуға дайындығын білдірді.

Қорытындылай келе, ведомство басшысы Ұлттық экономика министрлігі атынан қазақстандық тарап ашық және сындарлы ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.

Экономика министрліктері басшыларының кеңесіне Армения Республикасы Экономика министрі Ваган Керобян, Беларусь Республикасы Экономика министрінің орынбасары Алеся Абраменко, Қырғыз Республикасы Экономика және коммерция министрі Данияр Амангелдиев, Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрінің орынбасары Дмитрий Вольвач, сондай-ақ ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі алқа мүшесі (министр) Сергей Глазьев пен өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік саясат жөніндегі алқа мүшесі (министр) Артак Камалян қатысты.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономика министрліктері басшыларының ЕЭК өкілдерінің қатысуымен кеңестері одақтың экономикалық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылау мақсатында 2019 жылдан бері өткізіліп келеді.

  • 31.08.2022
  • 273
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика