• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Ақтауда Шотан батырға арнап ескерткіш орнатылды

28 тамызда Ақтауда Шотан батырға арналған мемориалдың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Батыр бабамыздың ескерткішінің ашылу салтанатына өңір басшысы Нұрлан Ноғаев, Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов, депутаттар, қоғам белсенділері, Шотан батыр ұрпақтары және қала тұрғындары қатысты. 

Алдымен Шотан Назарұлының рухына құран бағышталды. 

- Шотан Назарұлы - Жоңғар шапқыншылығында жерімізді жаудан азат еткен батырларымыздың бірі, кіші жүздің тумасы. Батырдың бүгінгі ұрпақтары оның ерлігін мақтан тұтады. Бүгін  өңір үшін ең маңызды тарихи күннің куәсі болып отырмыз. Біздің ортақ міндетіміз — батыр бабаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа дәріптеу. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында елі, жері үшін күрескен, ұлан-ғайыр атырапты жаудан қорғаған батыр ата-бабаларымыздың ерлігін мәңгі есте сақтау керектігін атап өтті. Сондықтан ерлеріміздің даңқын асқақтатып, салт-дәстүрімізді қоса ұлықтауымыз керек. Кең байтақ жерімізді жаудан азат етіп, еліміздің болашағы үшін тәуелсіз тұтастығымыз жолында күрескен ата-бабаларымыздың көзсіз ерлігі біз үшін әрқашан үлгі,- деп атап өтті Нұрлан Ноғаев

Тарихқа көз жүгіртсек, Жоңғар шапқыншылығы кезінде Ер Шотан Абылай хан мен Әбілқайыр ханның сенімді серігі болған. Ол Қабанбай, Бөгенбай, Өтеген сынды батырлармен  бірге қазақ жерін жаудан қорғаған.

Бүгінгі ескерткіш Шотан батыр ұрпақтарының бастамасымен және кәсіпкерлердің қолдауымен орнатылды. 

Әуежай жолының қиылысында бой көтерген ескерткіштің авторы - суретші, мүсінші Көшер Байғазиев. 

Монументтің биіктігі - 12 метр, салмағы - 5 тонна. Ескерткіштің құрылысы 2021 жылы басталған болатын. 

Шара соңында Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық драма театрының әртістері ескерткіштің ашылу салтанатына келген қонақтар үшін өз өнерлерін ортаға салды.

  • 31.08.2022
  • 254
Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика